click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

«Оқыту нәтижелерін критериалды бағалау – бастауыш сынып оқушыларының құзыреттіліктерін арттыру ресурсы» тақырыбында аудандық тамыз кеңесінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секция отырысы өтті

2017 жылдың 22 тамыз күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында «Оқыту нәтижелерін критериалды бағалау – бастауыш сынып оқушыларының құзыреттіліктерін арттыру ресурсы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық тамыз кеңесінің секциялық жұмысы өтті.

Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебінде «Іс- әрекеттегі зерттеу –мектеп пен мұғалімді дамытудың педагогикалық құралы» тақырыбында облыстық семинар – практикум өтті

  

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен  Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің базасында 29 наурыз күні «Іс- әрекеттегі зерттеу –мектеп пен мұғалімді дамытудың педагогикалық құралы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

«Мектептегі білім сапасын көтеруге заманауи көзқарас» тақырыбында бастауыш әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған семинар-тренинг өтті

         2016 жылдың 12-желтоқсанында Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында бастауыш әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған «Мектептегі білім сапасын көтеруге заманауи көзқарас» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты мұғалім жұмысындағы оқушылардың білім сапасын арттырудың неғұрлым тиімді білім беру технологияларын анықтай отырып, мұғалімдер белсенділігін арттыру.

«Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытудың ұйымдастыру – педогогикалық шарттары» тақырыбындағы облыстық ғылыми – тәжірибелік семинардың Анықтамасы

         2017 жылдың 17 ақпан күні Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытудың ұйымдастыру – педогогикалық шарттары» тақырыбындағы облыстық ғылыми – тәжірибелік семинары өтті.

2017 жылдың 10 наурызы күні Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Білім саласының даму тенденциялары:жағдайы ,проблемалары,шешу жолдары» тақырыбында семинар –практикум өтті.

Семинар жұмысының теориялық бөлімінде мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері туралы білім бөлімі тарапынан толық ақпарат берілді. Практикалық бөлімде мектептің пән мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында қорытынды аттестаттау тапсырмаларының мазмұны, бағалау өлшемдері,  математикалық сауаттылық бойынша берілген тапсырмаларды  шешу жолдары және химия, физика және математика пәндерінен күрделілігі жоғары есептерді шешудің тиімді жолдары талқыланды. 

2017 жылдың 7 наурызы күні Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Критериалды бағалау-оқушыларды оқуға ынталандырудың құралы» тақырыбында семинар –практикум өтті.

Семинарға аудан мектептерінің  мектеп үйлестірушілері мен бастауыш сынып  мұғалімдерінен  45 мұғалім қатысты.

Семинардың мақсаты: «Критериалды бағалау  бойынша мектеп үйлестірушілеріне әдістемелік көмек көрсету»  

Семинар  Берікқара орта мектебінің  базасында өтті.Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтарға жауап беріліп, нақты ұсыныстар қабылданды.

2017 жылдың 9 наурызы күні Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 11 сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Эссе жазу тәртібі» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өтті.

Семинарға аудан мектептерінің 11 сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін 35 мұғалім қатысты.

Семинардың мақсаты: мектеп бітірушілерді  ҰБТ-ке және қорытынды аттестаттауға дайындау жұмыстары бойынша 11-сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек бере отырып, олардың кәсіби құзіреттілік деңгейлерін арттыру.

Семинар Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында өтті.

2017 жылдың 16 ақпан күні «Гүлсім» балабақшасының базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жас мамандарға арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымында оқу тәрбие барысының ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында оқу семинары өтті

 

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру  мекемелерінің арасында  2017 жылдың  16  ақпан күні  «Гүлсім» балабақшасының  базасында  мектепке дейінгі білім беру  ұйымдарындағы жас мамандарға  арналған  «Мектепке дейінгі білім беру ұйымында оқу тәрбие барысының ұйымдастыру ерекшеліктері»  тақырыбында семиран-оқу өткізілді.  Семинарға  барлығы  38  жас мамандар  қатысты.

2017 жылдың 28 ақпан күні Сарыкемер мектеп-гимназиясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында облыстық семинар өтті

              Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында «Қазақ тілінде тыныс белгілерін меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында облыстық семинар өтті.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі