click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

16 қараша 2017 жылы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында аудандық семинар-практикум өткізілді.

Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Критериалды  бағалау-оқу-танымдық құзырлылықты қалыптастырудың тиімді жолы» тақырыбында аудандық-семинар практикум өтті. Семинар жұмысын аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиева ашып, аудан көлемінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

2017 жылдың 11 - қараша күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыруда АКТ-ны қолданудың тиімділігі» атты семинар-тренинг өткізілді.

     

   Семинарға  аудан мектептерінен 25 мектеп директорларының оқу-әдістемелік орынбасарлары және  20 информатика пәні  мұғалімдері қатысты.

 

 

2017 жылдың 3 - қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Латын әліпбиі мемлекеттік тілдің тірегіне айналсын» тақырыбында аймақтық ақпараттық түсіндіру жұмысы өтті.  Түсіндіру жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет.

Қазақстанның 40 жылдығы мектеп-гимназиясының базасында 2017 жылдың 30-31 қазан күндері математика пәні мұғалімдерімен «Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

        Семинарды аудандық әдістемелік кабинетінің пән әдіскері Ұ.Амреева  ашып, алдағы уақытта білімнің барлық бағыттары бойынша технологиялардың дамуында жастарымыздың   білім алуына мүмкіндік жасалатындығы туралы айтып өтті.

         Семинарға  аудан мектептерінен 42 пән мұғалімі қатысты. Қатысушылар  тарапынан жаңартылған білім беру мазмұнына  байланысты  берілген сұрақтарға  толық  жауап берілді.

2017 жылдың 31 - қазан күні Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп -гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Латын әліпбиі қазақ тілінің тынысын кеңейтеді» тақырыбында аудандық дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева ашты. Жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір.

2017 жылдың 27 - қазан күні Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп -гимназиясының базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жаңартылған білім мазмұны бойынша аудандық оқыту семинары өткізілді

Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп-гимназиясында жаңартылған білім мазмұны бойынша 5, 7-сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін пән мұғалімдерімен «Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі пәнінен оқыту негіздері» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті.

2017 жылдың 26 - қазан күні Сарыкемер мектеп -гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «ІІ Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы өткізілді

  Сарыкемер мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында   аудандық «ІІ Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы 10, 11-сынып оқушылары арасында өтті. Байқау төрт бағыт бойынша өткізілді.

2017 жылдың 25 - қазан күні Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп -гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында аудандық семинар - практикум өткізілді

 Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясында жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында аудан мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында аудандық семинар - практикум өтті.

«Білім алушылардың үлгерімін бағалауды өткізудің жаңа үлгілік қағидалары» тақырыбында 2017 жылы 21 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5, 7-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерімен аудандық оқыту семинары өтті

  

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Н.Ақшабаев атындағы орта  мектебінің базасында 2017 жылы 21 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5, 7-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдерімен «Білім алушылардың үлгерімін бағалауды өткізудің жаңа үлгілік қағидалары»  тақырыбында аудандық оқыту семинары өткізілді.

«Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Ғ.Байтасов атындағы орта мектебінің базасында аймақтық семинар-практикум өтті

         2017 жылдың 20 қазанында Ғ.Байтасов атындағы орта мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары»тақырыбында семинар-практикум өтті.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі