click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 13-сәуірі күні өткізілген аудандық "Жас жол инспекторлары" слетінің анықтамасы

 

     Аудандық  ішкі  істер  бөлімінің  жергілікті  полиция  қызметі  мен  аудан  әкімінің  білім  бөлімі  бірлесе  отырып, "Жас  жол  инспекторы"   қозғалысының  аудандық  слетін  ұйымдастырды. Орталық  алаңда  өткізілген  шара  ауданымызда   балалар  мен  жасөспірімдер арасында  жол-  көлік  апатының   алдын  алу,  жолда  жүру  ережелерінің  сақталуын  насихаттау арқылы  жол  қозғалысы  жас  инспекторларының  жұмысын  шыңдау  мен  жетілдіру   мақсатын  көздеді.

       Аталмыш  шара Халық  қаһарманы, жол  потрульдік полициясының  капитаны  Ғ.Байтасовты еске алуға арналды. Аталмыш шараға аудан  прокурорының міндетін атқарушы Рахым Жампозов, аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция копитаны Ернар  Исмайлов, ювеналды полиция тобының аға лейтенанты Ерлан Тұрғынбаев, жастар денсаулығы орталығының директоры Сауле Бөлтірікова, аудандық білім бөліміне қарасты 25 білім беру мекемелерінен үкілі үміткерін арқалап келген 6-7 сынып оқушыларынан құралған 280 -ден астам жас инспекторлар қатысты.

      Тартысты доданың негізгі мақсаты -елі мен жерін лаңкестерден қорғап, кеудесін оққа төсеген Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың өшпес рухына тағзым ету. Сондай-ақ, бұл слет жалпы білім беру процесін тереңдетуге  ықпал жасайды, өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдени деңгейіне  едәуір игі әсер етеді, кішкентай азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі, балалар жол-көлік  жарақатының жағдайына  оң  әсер етеді.

      Шара   барысында  оған  қатысушылар  слет  бағдарламасына  сәйкес, тоғыз  бөлімнен  тұратын   жарыстар: саптық  байқау, жас  насихаттаушы, жас  жүргізуші, жас  автомобилисть, жас  жол  тәртібін  реттеуші, жас санитар, қауіпсіз  дөңгелек   туры, командирлер  сайысы, "Бағдаршам" үгіт  насихат  тобының,  байқаулары  арқылы  жарыс  көрігін  қыздырды. Жарыста әр команда  өзіндік  киім  үлгісімен  ерекшеленсе, сондай-ақ  ұрандары  мен  саптық  қозғалыстары  әрі қосымша   орындалған күрделі  қимыл әрекеттерімен  көзге түсті.

      Слет қорытындысында жалпы командалық есеп  бойынша жеңімпаз  команда № 1 мектеп  гимназиясы .

  1- орынды  Сарыкемер мектеп - гимназиясы.

  2-орынды   № 3- орта  мектебі.

  3- орынды Сарыбарық  негізгі мектебі, М.Маметова негізгі мектебі және Ғ.Байтасов атындағы орта мектебі   иеледі.

     Сондай - ақ  әр бір  бағдарлама  шартына  сәйкес, үздіктер анықталып, жеке аталымдар  бойынша марапатталу рәсімі өткізілді.

      Жол  қозғалысы  жас  инспекторларының  жұмысы  жаңа  бағыттармен  байып,  күн  өткен  сайын  дамып, ауқымды, қызықты  және  пайдалы  бола  бастады.

       "Жас  жол инспекторы " деген  асқак  атауы  бар  балалар, Отанының лайықты азаматтары болып өсетініне осы слет  барысында  көз  жеткіздік.

    

    

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі