click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Түймекент аймағы, Ғ.Байтасов атындағы орта мектебінде «Мерейлі мақсатымыз – Мәңгілік Ел!» тақырыбында өткізілген конференциясы

Күні: 17.04.2018 жыл

Іс-шараның түрі: конференция

Қатысушылар: 6-11 сынып оқушылары

          2018 жылы 17 сәуір күні Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының   ұйымдастыруымен «Мерейлі мақсатымыз – Мәңгілік Ел!» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: Жасөспірімдер арасында елін, жерін сүюге, құрметтеуге, Отанына адал қызмет етуге «Мәңгілік ел» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жас ұрпақты отаншылдыққа, адамгершілікке елжандылыққа тәрбиелеу. Ата-бабамыздың қанымен, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен берілген жерді сақтап қалу. Болашақ ұрпақтың аманатын жеткізу.

Конференцияға  Байзақ ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші төрағасы орынбасары - Байтақова Шолпан Қайратқызы, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу тәрбие ісі жөніндегі әдіскері - Спаналиева Индира Абилханқызы, Байзақ ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры - Құрманалиев Әсет Ерболұлы, Ғ.Байтасов атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Байконырова Гулжан  Укеналиевна, педагог ұйымдастырушылар – Толымбек Қарлығаш Оразбекқызы мен Дүйсенов Талғат Аллабергенұлы және 6-11 сынып оқушылары қатысты.

Иә, ендігі күні біздің Тәуелсіз Егемен ел екенімізді бүкіл әлем  мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ  кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей   көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа  айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз!  

Конференция барысында 9 «ә» сынып оқушысы Қарабай Дана «Мәңгілік ел» болу – мерейлі мұрат» баяндама жасады. Ал, 10 «а» сынып оқушысы Кенжалиев Рысалы «Менің елім - Мәңгілік Ел!», 9 «ә» сынып оқушысы Рысбай Дильназ «Мәңгілік Ел» идеясының қазақстандық қоғамдағы орны, 6 «а» сынып оқушысы Самыловская Анель «Мәңгілік Ел» идеясының тарихи негіздері» баяндамаларын оқып шықты.

Сонымен қатар, конференция аясында қонақтарға «Мәңгілік ел» көптің талқысыныда жүрген ұғымға айналды. Осы мәселе төңірегінде бұл ұғымның пайда болуын тарих тұрғысынан айтып өтсеңіз. «Мәңгілік ел» идеясы білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуге негізделген. Бұл құжатта білім саласы бойынша қандай басымдылықтар атап көрсетілген? Ұлттың ұлт болып қалыптасуының басты факторы – тіл екені бәріне аян. Елбасымыз тіл мәселесін, соның ішінде ана тілімізді ешқашан сырт қалдырмаған. Ал, осы «Мәңгілік Ел» патриоттық актсінде тіл саласы бойынша қандай жаңашыл идеялар бар? Мақсатымыз айқын - 30 елдің қатарына кіру. Осы жолда қандай істер атқарылуда?  сұрақтар қойылып, ойларымен бөлісіп, қонақтар білім берудегі заманауи үлгілер турасындағы пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында жасалған баяндамалар және айтылған ойлар мен тұжырымдар негізінде ұсынымдар қабылданды.

Ғ.Байтасов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларынан құрылған хорының орындауындағы «Мәңгілік Ел» әнімен аяқталды.

Конференцияға белсене ат салысқаны үшін 9 «ә» сынып оқушысы Қарабай Дана, 10 «а» сынып оқушысы Кенжалиев Рысалы, 9 «ә» сынып оқушысы Рысбай Дильназ, 10 сынып оқушысы Усарбаев Бекжан, 9 «ә» сынып оқушысы Ұзақбай Қымбат пен жоғары деңгейде қатысқаны үшін, үздік баяндамашы 6 «а» сынып оқушысы Самыловская Анель «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі