click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында «Кеш қалмаңыз!» ток- шоуы өткізілді.

   05.04.2018 жылы №1 мектеп-гимназиясы базасында «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі»  тақырыбында «Кеш қалмаңыз!» ток шоуы өтті. Ток шоудың мақсаты: халқымыз қызды айнаның сынығына балап, қызын ерекше тәрбиелеп, бетінен қақпай, қонақ деп төрге отырғызған қаракөздеріміздің  қазақ қоғамындағы бейнесі туралы ой қозғап, әжелеріміздің үлгі-өнеге өмірі  туралы айту.

Осы іс-шараға Байзақ аудандың ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Б.Иманова, аудандық білім бөлімінің әдіскері И.А.Спаналиева, аудандық «Ауыл жаңалығы» газетінің бас редакторының орынбасары Г.Ермұратова, «Жастар денсаулығы» орталығының директоры С.Бөлтірікова және үлгілі отбасылары мен көп балалы аналар, немере-шөбере тәрбиелеп отырған әжелер қонақ ретінде шақырылды.

Ток шоу бейнесюжеттер көрсету арқылы ортаға ой тасталып, сұрақтар қойылды. «Қазақ неге  қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген?»-деген сұраққа аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева: «Қыз өсіру гүл өсірумен тең, гүлді қаншалықты аялап су құйып, айналасындағы арам шөптерден тазартсаңыз, соншалықты құлпырады. Қыз баласының тәрбиесіне де дәл осылай күтім қажет. Қыздың ойын, оның араласатын ортасын қадағалап отыру керек, қыз болашақ ана, ал ана болашақ ұрпақты тәрбиелейді»,-деп құнды ой айтса, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Бәйтеліқызына

 Өткен ғасырдағы қыз тәрбиесі мен қазіргі заман қыз тәрбиесінің ерекшелігі неде? Ол кезде ата-ана қатал болды ма, әлде заман қатал болды ма? деген сұрақтың төңірегінде көптеген ойлар айтылып, кешегі мен бүгінгі қыз тұрпаты туралы сөз қозғалды.

Кешке жеті қыздың ішінде өскен, өзі төрт қыз тәрбиелеп отырған Ырыс апай керемет қыз тәрбиесіндегі кешегі мен бүгінгі салыстыра айтса, Түймегүл апай 5 қыз, 2  ұл тәрбиелеп, 34 немере, 4 шөбере сүйіп , қыздарын құтты орынға қондырған, ұлдарының ибалы келіндерінің ортасында өнегелі әже де қыз тәрбиесі туралы өзінің өмір мектебінен айта кетті.

Жалпы, іс-шара барысында кейбір аналар қызымен шешіліп сөйлеспейтіндігі, қарны тоқ, киімі бүтін болса болды басқа мұқтаждық жоқ деп ойлауы, ал ойындағысын анасына айта алмаған қыз міндетті түрде көшеден сырлас іздейді. Ұлды әке емес кафе, қызды шеше емес көше тәрбиелесе мұның салдары тек өкінішке ұрындыратындығы туралы бейнесюжет көрсетіліп, қызыңызбен сырлас, доссыз ба?- деген сұрақтар қойылды. Себебі,қыздың  ішкі дүниесіне үңілмеу, болашағына нем құрайды қарау бұл ата –ананың қателігі екені айтылды.

Сонымен қатар, баяғыда қызым үйде, қылығы түзде дейтінбіз. Қазір түрлендіріп айтсақ, қызыңыз үйде, қылығы интернетте. Ия, қасыңызда отырып-ақ қызыңыз ғаламтор арқылы жат біреудің ықпалында кетуі әбден мүмкін.Ендеше қызыңыздың кіммен дос екеніне, нені қызықтап, неге құмартып жүргенін білесіз бе? деген сұрақтар қойылып, қыз бала тәрбиесінде кеш қалмай, абайсызда шоқ басып, опық жейтін қыздарға ананың мейірімі, әкенің қамқорлығы жетіспей жататындығы, осының кесірінен небір өкінішті жайттар орын алып жатады,-деген ойлар айтылды. 

Әрине жастың тілегі бір, жібектің түйіні бір дегендей бойжетіп, ержетіп отырған жастарымыз бір-біріне көз салуы, сөз салу заңды.

Дегенмен, мәпелеп өсірген қыздың жігітпен байланысы қалай болу керек?

-Ерте жүктіліктің салдары неде деп ойлайсыз?

-Ерте жүктіліктің салдарынан қандай жұқпалы ауруларға душар болады. Жұқпалы аурудың зардабы неде?-деген сұрақтардың төңірегінде құнды ойлар айтылып,

-ақын Қадыр ағамыз айтқандай

Арзан сезімге ергенде,

Абай бол, әсте көкем-ай

Екеу боп шығып серуенге

Үшеу боп қайту оп-оңай ,- дегенді қыз баланың құлағына құйып отырсақ, қаракөз қыздарымыз адаспай, ерте жүктіліктің салдары болмайтын еді.

Кештің соңында аналар –Бақыт деген не? Сіз бақыттысыз ба?-деген сұраққа, бақыттымыз, ұл-қыз тәрбиелеп отырған, кешегі бала келіннен дана ана болып жүрген аналармыз деген жауаптар айтылып, «Әйел бақыты» әні  тарту етілді.

Олай болса, қыз тәрбиесінде кеш қалмайық құрметті ата аналар!-деген үндеуімен кеш аяқталды.

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі