2018 жылдың 5 сәуір күні Н.Гоголь атындағы орта мектебі базасында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы: педагогикалық үдеріс барысында туындаған қиындықтар мен оны шешудің жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Аталған іс-шараға Тараз қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері А.Нарегеева, Ш.Альтаева, Н.К.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының үйлестірушісі А.Қуатова және 42 бастауыш әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.
Дөңгелек үстел диалогтық сындарлы алаңда жұмыс істеп, онда мынадай мәселелер қаралды:
- үш тілде білім берудің әдіснамасы;
- білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайындағы саралап оқытудың ерекшелігі;
- білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында зерттеушілік тәсілді қолданудың тиімділігі.
Тараз қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері А.Нарегеева, Ш.Альтаева, Сарыкемер мектеп-гимназиясы мен Қостөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері М.Салимбаева, Қ.Наурызбаева өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы мен қажеттілігі туралы ой бөлісті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша әдістемелік ұсыныстар қабылданып, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнына айтарлықтай өзгерістер енгізуде мұғалімнің рөлі ерекше екені атап өтілді.