click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 30 наурызда Жамбыл орта мектебінің базасында «Математика сабағында халықаралық зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерін қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың  30 наурызда   «Математика сабағында халықаралық зерттеу жұмыстарының ерекшеліктерін қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында Жамбыл орта мектебінің базасында аудандық   семинар-практикум  өтті. Семинар жұмысына аудандық   математика пәндерінің   мұғалімдері, барлығы  20  мұғалім  қатысты.

Семинарды білім бөлімінің математика пәні әдіскері бағдарламаға сәйкес таныстырылым жасап,   «Халықаралық TIMSS, PISA,  PIRLS  салыстырмалы зерттеулеріндегі  орындалған  тапсырмаларды бағалау жүйесі» тақырыбында баяндама жасады.Онда тапсырмаларды  бағалау жүйесіне, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығына  тоқталып өтті.

Семинарда Жамбыл орта мектебінің математика пәні мұғалімдері С.Наурызова, И.Багиров,Қ.Абдраманов, Г.Қожабаевалар өздерінің  іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Семинарға қатысушыларға кері байланыс парағы таратылды.

Семинар соңында семинарға қатысушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып әріптестерімен  бөлісті.

Семинарды білім бөлімінің әдіскері Ұ.Амреева қорытындылап, кері байланыста көрсетілген  сауалдар келесі ұйымдастырылатын семинарда ескерілетіндігін айтып өтті. Семинарға келушілердің еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.

  

 

  

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі