click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ аудандық білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығын іске асыру мақсатында «Үздік педагог» байқауының аудандық кезеңін сәуір айында өткізетінін хабарлайды.

Байқауға қатысушы педагогтардың құжаттарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №173 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу  үшін құжаттарды қабылдау»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін аудандық білім  бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінде қабылданады.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес аудандық конкурсқа қатысу үшін нысан бойынша өтінім;

2) мектеп басшылары растаған конкурс қатысушысына берілген ұсыным;

3) қатысушының педагогикалық портфолиосы;

4) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) байқауға қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау (аналитикалық) есебі;

7) Электрондық тасмалдағыштағы сабақтары (компакт-дискілер);

8) «Мен – қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында эссе (500 сөзден аспайтын,  форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman);

9) карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі