click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 15 наурыз күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында «Табиғатты аяла» Форумы өтті

 15 наурыз күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің аудандық форумы өткізілді.   

Форумның мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.

Форум келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1. «Туған өлкені зерттейміз» номинациясы

2.  «Жасыл экономика» номинациясы:

3.  «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы

4. «Экоәлем» номинациясы

5. «Мерейтойыңмен, Астана!» номинациясы

6. Шығармашылық жұмыстар көрмесі «Қалдықтардан - табыстарға».

          7. Экологиялық квест «Табиғаттың құтқарушы шеңбері» (9 қатысушы түгел).

          Байзақ ауданына қарасты білім мекемелерінен  Форумға Диқан тірек мектебінің, Қосақ негізгі мектебінің, Сарыкемер мектеп-гимназиясының, №1 мектеп –гимназиясының, Түймекент орта мектебінің, Бурыл орта мектебінің, Көктал орта мектебінің, М.Әуезов атындағы орта мектебінің, А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің,  Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің  және Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары  белсене қатысты.

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі