click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

С.Абланов атындағы орта мектебінің базасында химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «ҰБТ-дің жаңа форматқа көшудегі ерекшеліктері» аудандық оқыту семинары өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 қаңтар күні С.Абланов атындағы орта мектебінің базасында химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «ҰБТ-дің жаңа форматқа көшудегі ерекшеліктері»  аудандық оқыту семинары өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 17 химия биология пәні мұғалімі қатысты.

Білім бөлімінің әдіскері Темиртаева А. семинардың бағдарламасымен таныстырып,  семинар ҰБТ – қорытынды аттестаттауға дайындау жүйесiн жетiлдiрудiң тиiмдi жолдарын анықтау, тәжірибе алмасу, оқушыларда ҰБТ дайындалуда өздiгiнен жұмыс жасау дағдыларын бiртiндеп қалыптастыру мақсатында өтті.

Семинар барысында Түймекент орта мектебінің биология пәні мұғалімі    Смағұлова Құрманкүл  «Биология пәнінен ҰБТ дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында,  С.Абланов атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі  Ермаханбетова Дина  «Биология пәнінен зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы ҰБТ-ға дайындау» атты,  Абай орта мектебінің химия пәні мұғалімі  Талдаеева Азима   «Оқушыларды жаңа форматтағы ҰБТ дайындауда күрделілігі жоғары есептерді шығарудың әдістері» тақырыбында сөз сөйледі.

          Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Темиртаева  А.Ж. «Қортынды аттестаттау мен ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері»  тақырыбы бойынша айтып, семинарды  қорытындылады.

 

 

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі