click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 8 – ақпан күні С.Абланов атындағы орта мектебінің базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық семинар - практикум өткізілді

С.Абланов атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында аудандық семинар - практикум өтті. Семинар жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға ашып, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.  Семинар ашылғаннан кейін ұстаздар бағдарлама бойынша ашық сабақтарға қатысты. Мұсаева Гүлзира 7«в» сыныбында «Опера театрына барамын», Назарқұлова Ұлжарқын 5«б» сыныбында Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Қожабергенова Құралай  11«в» сыныбанда «Мінездеме жазамын»,  Абанова Гүлжан 5 «а» сыныбында «Су көліктері» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті. Сонымен қатар М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали мұрасы – мәңгілікке мирас» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Семинар соңында мектеп директоры Есжанова Айгүл пән мұғалімдермен өткізіліп жатқан жұстарға және мектептің жетістіктеріне де тоқталып өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева семинар жұмысын қорытындылап, мұғалімдерге сәттілік тіледі.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі