click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Білім беру ұйымдарында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқушылардың діни сауатын көтеру мәселесіндегі маңыздылығы» тақырыбында Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысымен кездесу өтті.

2018 жылдың  23 қаңтарында Қазақстанның 40-жылдығы мектеп-гимназиясының мәжіліс  залында «Білім беру ұйымдарында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқушылардың діни сауатын көтеру мәселесіндегі маңыздылығы»  тақырыбында Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Ә.Әбдімомынов пен «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын жүргізетін мұғалімдер арасында кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Оңалту» орталығының инспекторы Ж.Өзбекалиев шақырылды. Кездесу барысында білім бөлімінің басшысы Ә.Әбдімомынов мұғалімдерге курсты жүргізу барысында оқушыларға «зайырлылық» принципін, дінді зайырлы таным аясында үйретуге, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беруге, экстремизм, терроризм және радикализм идеологияларын қабылдамауға үйретуге, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеуге және гуманистік дүниетанымын қалыптастыруға философиялық тұрғыда бағыт-бағдар берді.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі