click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 13 - желтоқсан күні Бурыл орта мектебінің базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық семинар - практикум өткізілді

 

Бурыл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен «Эссе жазуға үйрету – мұғалім құзыреттілігінің шыңы» тақырыбында аудандық семинар - практикум өтті. Семинар - практикум жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға ашты. Семинар ашылғаннан кейін ұстаздар бағдарлама бойынша ашық сабақтарға қатысты. Сейткалиева Раджана 11«б» сыныбында «Жер жанатты - Жетісу», Әділбеков Айдос 11«ә» сыныбында «Сөз қасиеті», Күленбаев Күншуақ 11«а» сыныбанда «Шығармашылық шыңға жеткізер» тақырыбында ашық сабақтар өткізсе,  Рысбаева Макира мен Тәкей Гүлбану «Эссе жазып үйретудің тиімді жолдары» тақырыбында мұғалімдермен коучинг өтті.     

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға семинар жұмысында эссенің қалай жазылатындығы, екіге бөлінетіндігі, эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар, эссенің жазылу құрылымы, жиі кездесетін қателіктербағалау талаптары туралы айтты. Сонымен қатар ауданда мұғалімдер мен оқушылар арасында «Елбасы сенімі – ел сенімі», «Тәуелсіз елдің көшбасшысы», «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі»,  тақырыбында алынған эсселерге де тоқталып, сөзін қорытындылады


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі