click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 23 қарашада «Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ ерекшеліктеріне қойылатын талаптар» тақырыбында Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің базасында аудандық оқыту семинары өтті

Байзақ ауданы  білім   бөлімінің   әдістемелік    кабинетінің ұйымдастыруымен  2017 жылдың  23  қарашада  «Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ ерекшеліктеріне қойылатын талаптар»  тақырыбында  Н.Ақшабаев атындағы орта  мектебінің базасында аудандық   оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына аудандық математика, физика пәндерінің бірлестік жетекшілері, барлығы   34  бірлестік жетекшілері   қатысты.

Семинар жұмысында  мектеп  бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен ҰБТ – ға дайындаудағы ерекшеліктер туралы айтылды.

Сонымен қатар мектептерде жалпы қорытынды аттестация математика пәнінен емтихан жазбаша өтеді.  Мектептерде емтихан комиссиясы құрылып, мектеп түлектерінің жұмысы комиссия тарапынан тексеріліп, бағаланады.Орта мектеп түлектері үшін математика  пәнінен 5 сағат уақыт беріледі.

Математика пәні бойынша емтихан тапсырмаларының мазмұны оқыту бағытына сәйкес оқу бағдарламаларының барлық тарауларын қамтуы тиіс.

ҰБТ тестінің форматы  20+20+20+30+30=120 тапсырма.

Оның ішінде  математикалық сауаттылыққа  тоқталып, функционалдық сауаттылық, логика, сандық салыстыру бойынша сұрақтар құрастырылғандығы, бейінді пәндер бойынша 30 сұрақ, 20 сұрақ бойынша   ұсынылған бес тапсырманың бір дұрыс жауабын таңдай отырып, ұсынылған 10 сұрақтағы  бес тапсырманың  бірнеше дұрыс жауабын таңдай отырып орындау керектігі түсіндірілді.Жалпы 120 тапсырма , 3 сағат 30 минут, яғни 210 минут.

Семинар соңында семинарға қатысушыларға кері байланыс парағы таратылды.Бірлестік жетекшілерінің ұсыныстары  ескерілетіндігі айтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  •  

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі