click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 26 - қазан күні Сарыкемер мектеп -гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «ІІ Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы өткізілді

  Сарыкемер мектеп-гимназиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында   аудандық «ІІ Шерхан Мұртаза оқулары» байқауы 10, 11-сынып оқушылары арасында өтті. Байқау төрт бағыт бойынша өткізілді. Аудан мектептерінен Н.Ақшабаев, Ы.Алтынсарин, Бурыл, Көктал, Үлгілі, Н.Киікбаев, Королевка, Қазақстанның 40 жылдығы, Ю.Гагарин, Жамбыл, С.Сейфуллин, Сарыкемер, Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектептері мен Диқан тірек мектебінен аудан бойынша 35 оқушы қатысты. Қаламгер шеберлігімен, мәнерлеп оқуда актерлік шеберлігімен, ақындық қуатымен, жазушы шығармашылығын ғылыми тұрғыда жан-жақты талдап, өз білімдерін дәлелдеп көрсеткен оқушылар облыстық «ІІ Шархан Мұртаза оқулары» байқауына жолдама алды. «Жұлдызы нұрлы суреткер» бағыты бойынша Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің 11 – сынып оқушысы Асқарова Әсел ІІ орын; «Рух пен намыстың төресі» бағыты бойынша Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп – гимназиясының 11-сынып оқушысы Көпейсінов Ықылас І орын, Диқан тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Бекәділова Нұрай ІІ орын, Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының 11-сынып оқушысы Сейдуллаева Ұлбосын ІІ орын; «Зау тұлға» бағыты бойынша Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп – гимназиясының 11-сынып оқушысы Тайжан Гүлнар І орын, Сарыкемер мектеп – гимназиясының 10-сынып оқушысы Жайлыбаева Аяжан ІІ орын,  С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Саршаева Аида ІІ орын; «Шерхан Мұртаза мұрасы» бағыты бойынша Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектеп – гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбілқасымова Аружан І орын, Көктал олта мектебінің 10-сынып оқушысы Берікбай Сезім ІІ орынды иеленді. Бұл оқушылар ауданымыздың намысын облыста қорғайтын болады. Облыстан жеңімпаз атанса Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ректорының грантын және төлемақыға байланысты жеңілдіктерді (50%, 25%) иеленеді. Байқауды аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева Шерхан Мұртазаның жазушылық, қаламгерлік, журналистік, қайраткерлік болмысына тоқтала келіп байқауды қорытындылады.

 

      

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

  


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі