click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Ғ.Байтасов атындағы орта мектебінің базасында аймақтық семинар-практикум өтті

         2017 жылдың 20 қазанында Ғ.Байтасов атындағы орта мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдары»тақырыбында семинар-практикум өтті. Мақсаты бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарымен тәжірибе алмасу.

          Семинар басында қатысушылар  Н.Ақшабаев атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибесін көрмеден тамашалады. Содан кейін 1 және 2 сынып мұғалімдері С.Дауылбаева, Е.Бизақова, М.Бекқараева, Б.Кенжебаева сауат ашу, математика, қазақ тілі пәндерінен жаңа мазмұндағы сабақтарын көрсетті. 

 

 Семинар «Жаңа бағалау жүйесіндегі қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі» тақырыбындағы мектеп тренері Б.Ораздың коучинг-сабағымен жалғасты. 

Семинардың практикалық бөлігі аяқталғаннан кейін қатысушылар пікір алмасуға қатысып, өз сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Семинарға қатысушылар семинардың маңыздылығын және кейін де жалғастыру қажеттігі туралы оз ойларын білдіре отырып,  семинардың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарға алғыстарын жеткізді.

 

 

 

     

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі