click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 17 қазаны күні Берікқара орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өтті

2017 жылдың 17 қазаны күні Берікқара орта мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы аудандық семинар-практикум өтті. Семинарға аудан мектептерінің критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілері, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі М. Есеналиева, әдіскерлер К. Маутаева, А. Данаева қатысты. Семинар практикумда Берікққара орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Аскарбаева   оқыту үдерісінде критериалды бағалауды ұйымдастыру құжаттарымен таныстырса, мектеп директоры Н. Мамырбаев жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ талдау жүйесімен таныстырды.Берікқара орта мектебінің 1,2,5,7-сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері ашық сабақтар  мен ақпараттық сессиялар өткізіп, критериалды бағалау жүйесі бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі