click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңін өткізудің ЕРЕЖЕСІ

Қосымша 2

 

Байзақ ауданы әкімдігінің

 білім бөлімінің 

2017 жылғы  31  наурыздағы

 210  бұйрығымен бекітілген

                                                                                                            

  «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңін өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Үздік педагог» атағын беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) аудандық  кезеңінің  дайындық және өткізу жұмыстары ұсынылып отырған Ереже негізінде жүзеге асырылады.  

3. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015  жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» қағидалары негізінде  өткізіледі.

4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қабылданады.

5. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңін Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі ұйымдастырады.

6. Ұйымдастырушы:

  • Конкурстың өткізілетіндігі туралы мектептерге хабарлайды, конкурсты өткізу туралы хабарландыруды БАҚ-да жариялайды;
  • Конкурстың аудандық Комиссия мүшелерін тағайындап, бекітеді;
  • Конкурсқа ұсынылған құжаттармен,  сараптамалық парақтармен бағалау  жұмыстарын жүргізу бойынша алдын-ала түсіндіру жұмыстарын  жүргізеді.

7. Аудандық Комиссияның қорытынды шешімі хаттамамен рәсімделеді.

9. Конкурстың қорытындылары  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ  Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің ресми сайтында орналастырылады.

 

2.Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

 

1. Мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби  қызметте  жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.

2. Міндеттері:

  • заманауи озық технологиялармен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлердің озық іс-тәжірибелерін тарату;
  • білім беру үдерісіндегі педагогикалық идеяларды насихаттау;
  • шығармашылықпен жұмыс атқаратын педагог қызметкерлерге қолдау көрсету.

                              

 

3.Конкурсқа қатысушылар

 

1. Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттағы педагог қызметкері болып  табылатын,  кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса  алады.

2.  «Үздік педагог» атағы бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

 

                                                    4. Конкурстың  өткізілу кезеңдері

 

Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

І кезеңі: аудандық (қалалық), жыл сайын сәуірде өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

ІІ кезеңі: облыстық, жыл сайын мамырда өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады. 

ІІІ кезеңі: республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйекте өткізіледі, онда Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

 

                                          5. Конкурстың өткізілу тәртібі

 

  1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңіне қатысушылар  Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды тапсырады. Конкурсқа қатысушылардың құжаттары Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 160 қаулысымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін  тіркелуі қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

 

1) «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес аудандық конкурсқа қатысу үшін нысан бойынша өтінім;

2) мектеп басшылары растаған конкурс қатысушысына берілген ұсыным;

3) қатысушының педагогикалық портфолиосы;

4) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6) байқауға қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдау (аналитикалық) есебі;

7) Электрондық тасмалдағыштағы сабақтары (компакт-дискілер);

8) «Мен – қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында эссе (500 сөзден аспайтын,  форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman);

9) карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.

 

2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының қорытындысы аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, білім басқармасына қарасты білім мекемелері мен техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделеді. 

3. Құжаттар қағаз түрінде және электрондық нұсқалары мен бейнематериалдары компакт дискі түрінде қабылданады. Педагогикалық қызметтің материалдары оқыту тілінде ұсынылады.

4. Конкурсқа ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. 

5. Конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктері төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:

1) педагогтың кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, жарияланған әдістемелік құралдар, қатысушының «Мен – қазіргі заман педагогімін» атты эссесі) туралы мәлімет);

2) педагогтің өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі (мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық идеяларды насихаттау);

3) оқушылар мен білімгерлердің жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, қорытынды аттестаттау, оқушылар мен білімгерлердің пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, спорт жарыстарындағы, музыкалық конкурстардағы жетістіктері);

4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (әкімшіліктің, әріптестердің, ғылыми, педагогикалық өкілдердің, шығармашылық қоғамның пікірлері, әдістемелік өнімдерге рецензия, алғыс хат, мақтау қағаздар, дипломдар).

 

6. Конкурстың өткізілу тәртібі

 

  1. Пән бойынша тест тапсырмалары.
  •  өткізілетін күні: 19.04.2017 ж., сағат 10.00-12.00.

Ең жоғары ұпай саны – 80 балл. Бағалау критерийлері: әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Берілетін уақыт – 120 минут.

Тест қорытындысы бойынша 80%-дан төмен көрсеткіш көрсеткен үміткерлер конкурстың келесі кезеңіне жіберілмейді.

  1. Қатысушының құжаттары мен эссе жұмыстарының сараптамасы.
  • өткізілетін күні: 19.04.2017 ж., сағат 12.00-19.00.

Ең жоғары ұпай саны – 60 бал.

Бағалау критерийлері:

  • педагогикалық іс-әрекеттерінің  нәтижелілігі;
  • педагогтің кәсіптік құзыреттілігі;
  • педагогтың педагогикалық іс-әрекеттерін өзіндік бағалауы және өз іс-тәжірибесін тарату мәліметтері;
  • педагогтің кәсіби шеберлігіне және өзіне  берген әлеуметтік сырт бағасы;
  • республика, облыс көлемінде білім беру ісінің дамуына қосқан педагогтің үлесі.

«Мен – қазіргі заманның педагогімін» тақырыбында эссеге қойылатын талаптар: 500 сөзден аспайтын,  форматы doc, кегель 14, шрифт Times New Roman.

Ең жоғары ұпай саны – 25 бал.

Бағалау критерийлері:

  •  ойын нақты және түсінікті жеткізуі;
  •  ой өрісінің кеңдігі;
  •  жаңашылдығы;
  •  логикасы;
  •  сауаттылығы;
  •  дәлелділігі;
  •  ерекшелігі.
  1. Шығармашылық жұмыстарын қорғау (электронды портфолио).
  • өткізілетін күні: 20.04.2017 ж., сағат 09.00-19.00.

Негізгі кезеңге өткен қатысушылар өздерінің отандық білім берудің заманауи тенденцияларын айқындайтын  шығармашылық жұмыстарын қорғайды. Берілетін уақыт – 10 минут. Ең жоғары ұпай саны – 40 бал.

Бағалау критерийлері:

  • мазмұнының тереңдігі және ерекшелігі;
  • ғылымилығы және әдістемелік құндылығы;
  • жаңашылдығы;
  • әлеуметтік маңызы;
  • көпшілік алдында  өзара қарым-қатынас жасай білуі.

            Осы турда конкурсқа қатысушылар авторлық электронды портфолиосымен таныстыруына мүмкіндік беріледі.

  1. Оқушылармен (білімгерлермен) өткізілетін ашық сабақтар.
  • өткізілетін күні: 21.04.2017 ж., сағат 09.00-19.00.
  • Регламент – 20 минут.

Ашық сабақты өткізу барысында оқушылардың дайындық деңгейі мен санын пәніне сәйкес конкурсты ұйымдастырушылар,  сабақтың тақырыбы мен сыныбын конкурсқа қатысушылар анықтайды. Ең жоғары ұпай саны – 40 балл.

Бағалау критерийлері:

  • тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі, ғылымилығы;
  • педагогтың ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеті;
  • сабақтың жаңашылдығы;
  • педагогтың оқушылармен қарым-қатынас деңгейі;
  • білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;
  • сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу қабілеті.

5. Конкурсқа қатысушылар аудандық білім бөлімінің сайтына  білім берудің сапалы ақпаратын және жұмыс тәжірибесін  көрсететін авторлық жұмыстарын, оқу, әдістемелік және (немесе) басқа да жұмыстарын барлық пайдаланушыларға ашық түрде танысуға мүмкіндік береді.

 

7. Конкурсты қорытындылау

 

1. Аудандық «Үздік педагог» атағын беру конкурсы кезеңдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздары анықталады.

2. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңінің жеңімпаздары (бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері) Байзақ ауданы білім бөлімінің Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтармен  марапатталады.

3. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының І кезеңінің жеңімпаздары «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық ІІ кезеңіне қатысуға жолдама алады.

 

8. Ұйымдастыру комитеті

 

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу  бойынша төмендегі телефондар арқылы байланысуға болады:

 

2-18-67 

Есеналиева Майра Аманқұлқызы, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі, 8 776 697 21 21

 

 

 

 

1-қосымша

 

 

Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы

А. Абдимоминовқа

 

 

«Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысуға арналған

 

ӨТІНІМ

 

          Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:

 

1.

Жұмыс орны

 

2.

Т. А. Ә. (толық жазу)

 

3.

Туған күні, айы, жылы

 

4.

Лауазымы

 

5.

Педагогикалық өтілі

 

6.

Лауазымдағы жұмыс өтілі

 

7.

Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді)

 

8.

Біліктілік санаты

 

9.

Индексі көрсетілген үйінің мекен-жайы

 

10.

Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН)

 

11.

Байланыс телефоны (үй, ұялы)

 

12.

Марапаттау, көтермелеу

 

 

 

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар________парақ.

Өтінімнің толтырылған күні__________________________

Конкурсқа қатысушының жеке қолы___________________

Аудандық (қалалық) білім бөлімі басшысының қолы__________________                                                             

 

М.О.

                                                  

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі