click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 9 наурызы күні Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес 11 сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Эссе жазу тәртібі» тақырыбында аудандық семинар-кеңес өтті.

Семинарға аудан мектептерінің 11 сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін 35 мұғалім қатысты.

Семинардың мақсаты: мектеп бітірушілерді  ҰБТ-ке және қорытынды аттестаттауға дайындау жұмыстары бойынша 11-сыныптарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек бере отырып, олардың кәсіби құзіреттілік деңгейлерін арттыру.

Семинар Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында өтті.

Семинар барысында аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері И.Спаналиева  «Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ тапсырмаларының ерекшеліктері» туралы түсініктеме берді және «Эссе жазуды ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады және эссе тақырыптарымен таныстырып, дайындық жұмысын күшейту туралы тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Сарыкемер мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Эссе жазу тәртібі мен әдістемесі» тақырыбында баяндаса, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Эссе жазу талаптары мен бағалау критерийлері» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар топтарға бөлініп, эссе жазып, оны бағалап, пікірлерін ортаға салып өзара тәжірибе алмасты.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрақтарға жауап беріліп, нақты ұсыныстар қабылданды.

 

                            


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі