click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 28 ақпан күні Сарыкемер мектеп-гимназиясында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында облыстық семинар өтті

              Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында «Қазақ тілінде тыныс белгілерін меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында облыстық семинар өтті.

            Семинардың мақсаты: Білім беру үрдісін жаңарту мақсатында әдістемелік көмек бере отырып, пән мұғалімдерінің шығармашылық, кәсіби құзыреттілік деңгейлерін арттыру.

            Семинардың теориялық бөлімінде «Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттаудың жаңа форматы туралы» тақырыбында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Л. Бекназарова, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері И. Спаналиева «Қазақ тілі сабақтарында пунктуацияны оқытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар» тақырыбында баяндама жасады.

            Семинар барысында «Сызықша мен дефистің қойылатын орындары» тақырыбында 8 сыныптарға Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Күдериева, «Қазақ тілі сабақтарында тыныс үйрету жолдары» тақырыбындағы 6 сыныптарға Сарыкемер мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Пірімқұлова, «Бірыңғай мүшелер мен оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір» тақырыбындағы 9 сыныптарға Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғ.Бердыбаева, «Сызықшаның қойылмайтын орындары» тақырыбындағы 9 сыныптарға Көктал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Рапилбекова тәжірибелік сабақ көрсетсе, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Тасыбаева «Қазақ тілінде тыныс белгілерді меңгерту жолдары» тақырыбында панарамалық сабағын таныстырды.

            Семинар жұмысы қорытындыланып, жақсы деп бағаланды.  


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі