click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ өткізілді

 

Семинар-практикумға шақырылғандар: Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскерлері, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Семинар-кеңестің мақсаты: Жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде мұғалімдерге көмек ретінде интербелсенді әдістерді ұсыну.

Семинар жұмысы аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева  алғы сөзімен басталды. Сонымен қатар, семинар басында   И.Спаналиева семинар бағдарламасымен таныстырады.

Төрт кезеңге бөлінген семинар-практикумның негізгі бөлімінде Н.Ақшабаев орта мектебінің мұғалімі Д.Тұрсыналы 10-сынып оқушыларымен "Жеке бас құжаттары", Ы.Алтынсарин орта мектебінің мұғалімі Э.Аюпова 8-сынып оқушыларына М.Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасын", Бурыл орта мектебінің мұғалімі С.Таткеева 5-сынып (орыс сыныбы) оқушыларымен "Телефонмен сөйлесу әдебі" тақырыптарында сабақ өткізді.

Екінші бөлімнің барысында Гоголь орта мектебінің мұғалімі Д.Айнақұлова  5-сынып (орыс сыныбы) оқушыларына "Мақал-мәтелдер", Үлгілі орта мектебінің мұғалімі А.Жансақалова 5 "б"-сынып оқушыларына "Қысаң дауысты дыбыстар", Қостөбе орта мектебінің мұғалімі Ғ.Садуақасова 10-сынып оқушыларына "Абай-ұлы тұлға" тақырыптарында дәріс берді.

Семинар-практикумның үшінші кезеңінде Ы.Алтынсарин орта мектебінің мұғалімдері А.Сартаеваның "Түбі адам болатын бала" (6-сынып), Ж.Әжібекованың Т.Ахтановтың "Шырағың сөнбесін" романына талдау жасау (11-сынып), Н.Усерованың С.Сейфуллиннің "Ақсақ киік" (5 "а"-сынып)  шығармасы көпшілік назарына ұсынылды.

Қорытынды бөлімде Көктал орта мектебінің мұғалімі А.Демесинова "Диалогтік оқыту арқылы оұушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту" тақырында коучинг ұйымдастырса, әдіскер И.Спаналиева кері байланыс парағы арқылы семинар-практикум жұмысына қорытынды жасады.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі