click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

2017 жылдың 4 ақпан күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тақырыбында мектеп үйлестірушілеріне арналған аудандық семинар өтті.

Байзақ ауданы әкімдігінің  білім  бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына  сәйкес  2017 жылдың 4 ақпан күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының  базасында «Білім  беру  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды бағалау тақырыбында мектеп   үйлестірушілеріне арналған аудандық  семинар  өтті.Мектеп үйлестірушілеріне Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мен электрондық журналды құру мағлұматтары берілді.

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының жоспарына сәйкес интерактивті он-лайн сабақ өтті

2017 жылдың  1 ақпан күні  Ғ.Мұратбаев атындағы  мектеп-гимназиясының тарих пәні  мұғалімі Жазира  Ақбаева  10 сыныпта Қазақстан тарихы  пәнінен «Қазақ халқының және қазақ  мемлекеттілігінің қалыптасуы» тақырыбында  онлайн  сабақ өткізді. Сабақта мұғалім  жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін қолданды. Оқушылар  сабаққа  белсенді   қатысып  отырды.

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ өткізілді

 

Семинар-практикумға шақырылғандар: Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдіскерлері, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

Семинар-кеңестің мақсаты: Жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде мұғалімдерге көмек ретінде интербелсенді әдістерді ұсыну.

2016 жылдың 27 желтоқсан күні сағат 11.00-де әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына арналған Аудан әкімінің «ЭКСПО-ның Жаңа жылдық алауы» атты шыршасы өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі 2016 жылдың 27 желтоқсан  күні сағат 11.00-де әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған  Аудан әкімінің  «ЭКСПО-ның Жаңа жылдық алауы» атты Жаңа жылдық шыршасы Сарыкемер  ауылы «Бағлан» мейрамханасында ұйымдастырылды.

Іс-әрекеттегі зерттеу – мұғалім тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында аудандық семинар – практикум өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты Берікқара орта мектебінде 2016 жылы 22 желтоқсан күні «Іс-әрекеттегі зерттеу – мұғалім тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар  мұғалімдерді іс-әрекеттегі зерттеу  түрлерімен және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдарымен таныстыру, іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу бойынша тәжірибе бөлісу мақсатында өткізілді.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және олардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Байзақ ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережесі туралы жаднамалары таратылды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  және олардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында  Байзақ  ауданы  ТЖ бөлімінің қызметкерлері 2016 жылдың   23 желтоқсанында  Байзақ  ауданы  әкімдігінің білім бөлімінің  уәкілімен бірлесе отырып Қазақстанның 40 жылдығы орта  мектебінде аудан  аумағындағы 80 білім  беру мекемелерінің (мектеп,балабақша, мектептен тыс мекеме) басшыларымен және мерекелік іс-шараларды  ұйымдастырушы лауазымды  тұлғалармен , мерекелік іс-шаралар &

2016 жылдың 3 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында таңғы жаттығу және флешмоб өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2016 жылдың 3 желтоқсан күні сағат 9.00- де Сарыкемер ауылы орталық алаңында таңғы жаттығу және  флешмоб өткізілді. Таңғы жаттығуға барлығы 85 оқушы қатысты.

2016 жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай мектеп мұғалімдері (ерлер) арасында волейболдан аудандық турнир өтті

2016 жылдың 10 желтоқсан күні Байзақ ауданы білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай мектеп мұғалімдері (ерлер) арасында волейболдан аудандық турнирі Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің спорт залында болып өтті.  Аталған турнирге білім беру мекемелерінен іріктелген алты команда қатысып өз өнерлерін көрсетті.

         І- орынды №1 орта мектебі иеленді

«Үш тұғырлы тілдің қажеттілігі» тақырыбында бастауыш мектептердің 4- сыныптары да пікірсайыс ойыны өтті.

Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мен Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 13 желтоқсан күні бастауыш мектептер арасында «Үш тұғырлы тілдің қажеттілігі» тақырыбында пікірсайыс ойыны өтті. Пікірсайыс ойынына 4-сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі