click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

4 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовтың тапсырмасына  сәйкес 4 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай білім мекемелерінде бір мезгілде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалуы  ұйымдастырылып өтті.

Сонымен қатар, мектеп жанындағы жазғы лагерлерде «Көк тудың желбірегені» атты флеш-мобтар ұйымдастырылып,   патриоттық әндер топтамасы орындалып, мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихына, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуындағы маңызын түсіндіруге арналған патриоттық  сабақтар  өткізілді.

Ал, орталықта орналасқан  Гагарин, Мұратбаев, Киікбаев, Қазақстанның 40 жылдығы, Сарыкемер мектептерінде «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстелдер  өткізіліп, мектеп кітапханаларында «Менің Қазақстаным-менің Рәміздерім!» тақырыбында фотокөрмелер ұйымдастырылды. 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі