click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Аудандық білім бөлімінің тарихы

Байзақ датқа есіміне лайықты білімі дамыған ауданның білім саласының тарихы

Ускумбаева Дамеш  Шайқықызы  Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

Тарихымызды білу оған құрметпен қарау-санамызда бар қасиет. Ізгілікті ісімен өмірде із қалдырған ағаларымызды келешек ұрпаққа таныстырып отыру маңызды. Жас ұрпақтың сауатын ашып, білім беретін мекемелердің де өзіндік тарихы бар.Жамбыл облысына қарасты Свердлов аудандық халық ағарту бөлімі өз бастауын 1938 жылдан жаппай сауаттандыру кезеңінен алады. 1938 жылдан қазіргі кезеңге дейінгі аудан деңгейінде білім беру саласының басшылары болған азаматтар. 1.Табылдиев Ұябай (1938-1939 жылдар); 2.Зайнуллин Шафиғулла (1939-1942 жылдар); 3.Мұқанов Жанахмет (1942-1947 жылдар); 4.Қосымов Ғаббас (1948-1952 жылдар); 5.Ақылбаевм Құдайберген (1960-1961 жылдар); 6.Баянов Жұман (1961-1963 жылдар); 7.Смаилов Райымбек (1963-1982 жылдар); 8.Сыздықбаева Шолпан (1982-1985 жылдар); 9.Есімов Елемес (1985-1987 жылдар); 10.Гаджиев Шыңғыс Юсупұлы (1987-1994 жылдар); 11.Рақым Әбдіқасымов (1994-1997 жылдар); 12.Бибосынов Кеңес (1997-1998 жылдар); 13.Досматова Салтанат Жұманқызы ( 1998-2002 жылдар); 14.Ақбаев Бақтияр Мұратұлы (2002-2005 жылдар); 15.Әшімбаев Уалихан Ошақбайұлы (2005-2007 жылдар); 16.Байназаров Ералы (2007-2008 жылдар); 17. Бекбауов Асқар Смайылұлы (2008-2009 жылдар); 18.Жақсыбеков Баймұрат (2009-2010 жылдар); 19.Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлы (2011-2012 жылдар); Бірінші оқу ағарту ісін ұйымдастырушы педагог Ұябай Табылдиев болған еді.Казпедтехникумын аяқтаған соң өз еңбек жолын бірінші дәрежелі оқытушы және балалар үйінің тәрбиешісі болып бастаған.Ол басқарған жылдары аудан деңгейінде 36 бастауыш мектеп,7 жылдық орталау мектебі аудан орталығында орыс-қазақ Михайловская мектебі ашылды. 1963-1982 жылдары қазіргі білім бөлімі «Свердлов аудандық оқу бөлімі» болып аталды. Осы кезеңде 27 орта мектеп пен 8 бастауыш мектеп жұмысын бастап, оқушыларды қабылдады.Оқу бөлімінің меңгерушісі болып «Еңбек сіңірген мектеп мұғалімі», «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері»Смайлов Райымбек жұмыс атқарды. 1983жылдан 2012 жылға дейін Свердлов ауданында (қазіргі Байзақ ауданы) түрлі елді мекендерінде 12 орта мектеп ашылды. 2010-2012 жылдары білім бөлімі «Байзақ ауданы әкімдігінің білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» болып аталды. 2012 жылы шілде айында «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» болып өзгертілді. 2012-2014 жылдары Байзақ ауданында «100 мектеп,100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыкемер орта мектебі, «Астана балабақшасы, «Еңлік» балабақшасы қолданысқа берілді. Қазіргі өмір талабы –терең білім.Дүниені жаңартатын да , түрлендіретін де білім мен ғылым.Терең білім мен ғылым ұрпақ санасын жаңа сапалы деңгейге көтерітіндігін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Жас ұрпақтың бойына рухани құндылықты , отаншылдықты , ұлтжандылықты қалыптастыру арқылы жан-жақты дамыған жастарды тәрбиелеу маңызды міндет болып табылады. Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелері осы бағытты берік ұстанып, жұмыс атқарып келуде. Олардың құрметіне көше ,мектеп аттары берілді. Нұрбаев Мыңғой Нұрбайқызы 1902 жылы дүниеге келген. Сырдария Қазақ педагогикалық курсында білім алған. 1930 жылы Әулиеата аудандық комитетінің №27 Бұйрығымен ауылына мұғалім болып тағайындалады.1934 жылы Қызыл жұлдыз 7 жылдық орталау мектебіне қабылданып , сол жерден зейнеткерлікке шықты. Қызыл жұлдызда Мыңғой Нұрбаева атындағы көше бар. Даулетов Жолдас 1939 жылы 19 наурызда Байзақ ауданы (бұрынғы Свердлов ауданы ),Жетібай ауылында шаруа отбасынды туған. 1958 жылы Ново-Ивановка орта мектебін бітірді. 1968 жылы Алматы мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітіріп , Жамбыл атындағы орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. Европа , әлем,Олимпиада чемпионы Ж.Үшкемпіров пен Европа КСРО чемпионы Д.Тәмбиевке дене тәрбиесінен дәріс берген. 1979 жылы Қазақ ССР оқу минстрлігі оны «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төс белгісімен марапаттаған. 2007 жылы Жалғызтөбе ауылдық округінің шешімімен Жетібай ауылынан Ж.Даулетовтің атына көше аты берілді. Момынов Қалилахан 1921 жылы наурыз айында сол кездегі Жамбыл облысы,Свердлов ауданы ,Политотдел елді мекенінде дүниеге келген. 1938 жылы комсомол қатарына өтті.1941 жылы кезекті әскер қатарына шақырылып , әскери міндетін Ұлы Отан соғысында жалғастырады. 1947 жылы соғыстан елге оралған соң, Жамбыл мұғалімдер даярлайтын училищесіне түсіп ,1948 жылы толық курсын тәмамдаған.Ұлы Отан соғысы тұсында ерліктері еленіп ,әскери белгілермен (медальдар) марапатталған. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің тарих факультетін тарихшы мамандығы бойынша 1957 жылы бітіріп шыққан. 1947 жылдан бастап, зейнетке шыққанға дейін «Үлгілі», «Құмжота», «Ровный», «Политотдел» мектептерінде ұстаздықтан директорлыққа дейін қызмет атқарды. 2005 жылы Көктал ауылында Момынов Қалилахан атына көше берілген.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі