click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Бастауыш білім беру

2015-2016 оқу жылында басшылыққа алынған негізгі бағыты: «Қазіргі білім беру жағдайында педагог қызметкерлердің нәтижеге бағытталған кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»

Мақсаты: Білім берудің жаңа мазмұны мен білім беру технологияларының негізінде педагог кадрлардың біліктілігін және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы ,сапалы білімге қол жеткізу.

Міндеттері: 1. Білім беру мекемелерінде бастауыш сынып бойынша оқу-тәрбие үрдісінің жағдайын сараптау; 2.Оқу- тәрбие үдерісіне оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу бағытында іс-шаралар ұйымдастыру; 3.Оқу –тәрбие үдерісін жетілдіруге және білімі беру ұйымының педагогына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әр түрлі нысандарын дайындау және өткізу; 4.Аудан көлемінде білім беру жүйесін дамыту мақсатында педагогикалық іс-тәжірибені анықтау,бағалау, қорыту және тарату; 5.Білім саласындағы педагогикалық жинағын құру,ақпараттық библиографиялық жұмысты жүргізу. 6.Жас мамандардың қалыптасу алгоритмін жасау. Байзақ ауданы бойынша 2015-2016 оқу жылы 516 бастауыш сынып мұғалім сабақ береді. Оның ішінде 433 (83.9%) ұстаз жоғары білімді, 83 (16.1%)- арнайы орта білімді. Санаттар бойынша: жоғары санатты 76 (14.7%)мұғалім, І-ші санатты 156 (30.2%) мұғалім, ІІ санатты 166 (32.3%) мұғалім және санаты жоқ мұғалімдер саны 118 (22.8%). Аудан бойынша бастауыш сыныптарда (1-4 сыныптар) 8251 оқушы білім алуда. Оның ішінде 7198 оқушы қазақ , 1053 оқушы орыс сыныптарында оқиды. 2231 оқушы 1-ші сыныпта, оның ішінде 1957 оқушы қазақ, 274 оқушы орыс сыныптарында; 2171 оқушы 2-ші сыныпта, оның ішінде 1887 оқушы қазақ, 284 орыс сыныптарында; 2048 оқушы 3-ші сыныпта,оның ішінде 1782 оқушы қазақ, 266 оқушы орыс сыныптарында; 1801 оқушы 4-ші сыныпта, оның ішінде 1572 оқушы қазақ, 229 оқушы орыс сыныптарында оқиды.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі