click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Білім беру ұйымының іскер көшбасшысы» байқауы

2016 жылы 12 қаңтар күні Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Сарыкемер орта мектебінде мектеп басшылары арасында «Білім беру ұйымының іскер көшбасшысы» байқауы өтті. Мақсаты:  білім беру жүйесінде шығармашыл басшының жоғары кәсіби деңгейін айқындау;  кәсіби имиджін қалыптастыру;  білім беру жүйесін жаңарту жағдайына жекелей қосқан үлесін зерделеу, тарату мен біліктілігін арттыруға ықпал ету. Міндеттері:  шығармашылықпен шұғылданатын іскер басшылардың іс-тәжірибесін айқындау және тарату;  білім беру ұйымдары басшыларының мәртебесін арттыруда қоғамдық ортаның позивтік (жағымды) көзқарасын қалыптастыру;  білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңа тұрпаттағы басшының моделін қалыптастыру. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты мекемелерден «Білім беру ұйымының іскер көшбасшысы» байқауына 6 мектеп басшысы қатысты. Олар: 1) Есентаева Гүлмира Әуесбайқызы – Қазақстанның 40 жылдығы о.м директоры 2) Қапарова Шырын Мамашайқызы – Түймекент о.м директоры 3) Есжанова Айгуль Сабыржанқызы – С. Абланов атындағы о.м директоры 4) Наметкулов Мұхит Жанұзақұлы – Сарыкемер о.м директоры 5) Сейдалиева Айсара Рашбайқызы – Дихан т.м директоры 6) Шолпанкулова Эльмира Илескулқызы – Көктал о.м директоры Байқау келесі мазмұнды қамтыды: 1 тур – мектеп басшысының өзі туралы презентациясы; 2 тур – «Мақсаттан нәтижеге дейін» шеберлік пен шығармашылық жобасы. Бұл бөлімде білім сапасын көтеруде оқу-әдістемелік жұмыстар мен кадрлардың даму жағдайына қатысушының жекелей ықпалы, білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты қатысушының жекелей тәрбие үдерісіне қосқан жаңашылдығы, қатысушының мектепішілік басқару мен бақылау жұмыстарына енгізген (жекелей) жаңа формалары қаралды. 3 тур – «Мектеп директорының портфолиосын» қорғау. Байқаудың әділқазылар алқасы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Басқару және білім сапасы» бөлімінің қызметкерлері Р. Утеулина, Н. Қасымова, С. Каримбаева мен ардагер ұстаз Г. Г.Қасымова, әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиева сайланды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын саралап келесі шешімді қабылдады: І орын – Қазақстанның 40 жылдығы о.м директоры Есентаева Гүлмира Әуесбайқызына ІІ орын – Сарыкемер о.м директоры Наметкулов Мұхит Жанұзақұлына ІІІ орын – Көктал о.м директоры Шолпанкулова Эльмира Илескулқызына берілді. Түймекент о.м директоры Қапарова Шырын Мамашайқызына «Шығармашыл басшы», С. Абланов о.м директоры Есжанова Айгуль Сабыржанқызына «Креативті басшы», Дихан т.м директоры Сейдалиева Айсара Рашбайқызына «Білікті басшы» номинациялары тағайындалды. Аталған байқаудың облыстық кезеңіне жолдама Қазақстанның 40 жылдығы о.м директоры Есентаева Гүлмира Әуесбайқызына берілді.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі