click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Кәсіби байқаулардың ережелері

«БЕКІТЕМІН»

 

 Байзақ ауданы әкімдігін

  білім бөлімінің басшысы  

 ------------Д.Ускумбаева

 

 

Математика  пәні мұғалiмдерiнің аудандық шығармашылық байқауын

                                                  өткізу туралы

                                                         

                                                    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

 

             Математика пәні мұғалімдерінің аудандық шығармашылық байқауы туралы Ереже  пән мұғалімдерінің кәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында әзірленді.

             Ереже  математика  пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауын өткізудің тәртібі мен шараларын, сондай-ақ қатысушыларға қойылатын талаптар мен жеңімпаздарды іріктеу өлшемінің  тәртібін  бекітеді.

Математика пәні мұғалімдері байқауының мақсаты мен міндеттері

        - математика пәні мұғалімдерінің белсенділігі мен шеберлігін арттыру;

        - математиканың күрделілігі жоғары есептерді шығару біліктіліктерімен     

          шеберлігін жетілдіру;

  •  жергілікті жерлерде оқушыларды олимпиадалар мен байқауларға    

          дайындаумен айналысатын математика пәні мұғалімдерін анықтау;

         - өз бетімен білімдерін жетілдіріп жүрген ізденімпаз мұғалімдерді қолдау;

        - математика  пәнін оқыту саласындағы мұғалімдердің шығармашылық іс-  

          тәжірибелерін насихаттау және тарату;

         - оқушыларды ҰБТ-ға, математикалық турнирлерге, түрлі деңгейдегі

         байқаулар   мен олимпиадаға дайындауда түрлі нәтижелерге жету үшін

         белсенді  математика  пәні мұғалімдерінің сапасын арттыру;

Байқауды ұйымдастыру және өткізу

         Байқау екі кезеңнен тұрады:

І кезең – мектепішілік. Мектепішілік байқау жеңімпазы аудандық  кезеңге  жіберіледі.

ІІ кезең- Аудандық. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар аудандық  оқу-әдістемелік кабинетінің жүлделі орындарына ие болады.

 Математика пәні мұғалімдерінің облыстық байқауына қатысушылар :

Мұғалімнің еңбек өтіліне, жасына шектеу қойылмайды.

     

 

   Математика  пәні мұғалімдерінің аудандық шығармашылық байқауы

                                       2 кезеңнен тұрады.

І кезең. Теориялық бөлім ( математикалық, әдістемелік, шығармашылық тапсырмалар – 2,5 сағат)

ІІ кезең. Шеберлік мектебі; мұғалімнің шығарамшылық тақырыбын

( авторлық бағдарлама, зерттеу, эксперимент жұмыстары, ғылыми жобалар т.б түрінде) қорғауы (15 минут)

          Аудандық байқаудың қазылар алқасының құрамы; төраға, хатшы және оның мүшелерінен  жалпы 5 адамнан тұрады.

Қазылар алқасының төрағасы:

  • байқаудың тапсырмаларын тексереді;
  • ұсынылған тапсырмалардың ғылыми-әдістемелік деңгейіне, байқаудың талаптарына сай болуына және дұрыстығына жауап береді;
  • Байқау тапсырмаларының құпиялылығына тікелей жауап береді;
  • Қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады;
  • Байқауды ұйымдастыру және өткізу кезінде заңдылық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

 Қазылар алқасының мүшелері:

  • байқаудың тапсырмаларын әзірлейді және құрастырады;

Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау кезінде даулы жағдайларды талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер екнгізеді;

  • жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;
  • байқауға қатысушылар орындағын тапсырмаларға талдау жасайды;

Қазылар алқасы 2 кезең нәтижесінде жеңімпаздарды анықтайды.

Аудандық ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі:

Қатысушыларды тіркеу үшін аудандық ұйымдастыру комитетіне берілген үлгідегі өтініш  2016 жылдың  24  қыркүйегіне  дейін тапсырылады. Байқауға әр мектептен бір мұғалімнің қатысуы міндетті.Байқауға қатысатын мұғалімге сұраныс төменде көрсетілген үлгі бойынша беріледі және мұғалімнің суреті, жалпы мағлұматпен  жетістіктері бойынша слайд жасалынып электрондық және қағаз түрінде өткізіледі. Аудандық байқаудың өткізілу күні 27-28  қыркүйек 2016 жыл.

Қатысушының Т.А.Ә.

Қашан және қай оқу орнын бітірді

Мектебі

Санаты

Еңбек өтілі

Шығармашылық жұмысының  тақырыбы 

( қорғау түрі)

 

 

Аудандық ұйымдастыру комитеті.

    -байқауды өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;

   - байқауды өткізу ретін анықтайды;

   - байқауға тікелей басшылық жасайды;

   - байқау нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;

Байқау қорытындылары туралы басылымдарға жариялайды;

Байқау жеңімпаздарын марапаттау;

Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен  марапатталады.

«Жаңашыл мұғалім»,  «Зерттеуші мұғалім» ,«Әдіскер мұғалім»  номинациялары беріледі.

Ескерту: Сұраныс математика пәнінің әдіскері Ұ.Амрееваға (87777023031)  беріледі. Әр мектептен бір мұғалімнің қатысуы міндетті.

                

Кешіктірілген сұраныстар қабылданбайды.

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байзақ  ауданы  әкімдігі

білім бөлімінің  басшысы

_______________

«____»    ___________ 2015ж.

 

 

Аудандық, аймақтық   «Intellectual    pupil   at  English »  байқауының

                                                           ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже

Бұл ереже байқаудың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқауға қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.

 

2.Байқаудың мақсаты

Ағылшын тілінде ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

 

3.Байқаудың міндеттері:

  • үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру; 
  •  баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру,  балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту; 
  • мектеп жасындағы балалардың ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас жасай алуын  қалыптастыру;
  • ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету; 
  •  ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету; 
  •  зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 
  •  айту және тыңдау, ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту. 

 

4.Байқауды өткізу уақыты

 

Байқаудың  І-ші аймақтық кезеңі 2015 жылы қазан айының 10-ны  мен  қараша айының 10-ны аралығында(Сарыкемер, Түймекент, Бурыл, Жетібай, Абланов)  аймақтарында  өтіледі. Ал ІІ-ші кезең  аудандық қараша  айының 20-сы күні  Ғ.Мұратбаев мектеп - гимназиясында өтеді.

5.Байқауға қатысу шарттары

Байқаудың І, ІІ-ші  кезеңдеріне жалпы орта білім беретін мектептердің 5,6,7 сынып оқушыларынан құрылған 1 топ (құрамы 5 адам) қатыса алады.

6. Байқау  келесі бөлімдер  бойынша өткізіледі:

І  бөлім- топтың атын қорғау 3-5 минут

ІІ  бөлім- суретпен жұмыс, әр түрлі тақырыптағы суреттерді сипаттап беру

ІІІ бөлім-  ағылшын тілінде  ертегі көрсету (топтық жұмыс)

ІV бөлім – қатысушылардың  өнері , ағылшын тілінде  ән айту, әнді  би мен сүйемелдеу   

 

7. Байқаудың өтілу тілі: ағылшын тілі

 

8.Бағалау реті

Байқауға қатысушыларды бағалау төмендегі белгілеріне қарай бағаланады:

1. Топты  таныстыру  ерекшелігі

2. Топ мүшелерінің ағылшын тілінде сөйлеу  деңгейі

 

9 .Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі

Жеңімпаздар Қазылар алқасының шешімімен жоғарыда қойылған талаптар мен белгілерге сәйкес анықталады. Байқауға  қатысушылар І- орын біреу  , ІІ орын – екеу, ІІІ орын –үшеу  беріледі.

10. Ескерту: байқаудың материалдары балаға түсінікті, қолжетімді, қиын  болмауы тиіс. Баланың жас ерекшелігі, ағылшын тілінің шетел тілі екендігі ескерілсін.

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі