click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің „Саялы“ балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің бос тұрған меңгерушісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

 Байзақ ауданы әкімдігінің  білім бөлімінің „Саялы“ балабақшасының  меңгерушісі лауазымына 

(1 бірлік) конкурс жариялайды.

Көктал ауылы Ю.Гагаринатын.көше-23,  анықтама үшін телефон: 5-16-39,  факс:5-16-39

         Мектепке дейінгі мекеменің атауы: Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің „Саялы“ балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

1.Орналасқан жері:080 110. Байзақ ауданы,Көктал ауылы, Ю.Гагаринатындағы көше-23.

Электрондық поштасы:Baizak_sayaly@mail.ru

         Мекеме қызметінің негізгі бағыты:

Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық), мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; оқыту – тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.

Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамдық ұйымының және әдістемелік бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсалуығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.

Оқу – материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық – гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата – аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғарыпедагогикалық білім, және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының „Білім туралы“,  „Тілдер туралы“, „Бала құқықтары туралы“, „Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы“, „Неке және отбасы туралы“, „Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы“ Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздері, қаржы – шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін білуі тексеріледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымына („Ауыл жаңалығы“, „Сельская новь“) жарияланған соң 15 күнтізбелік күн ішінде Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөліміне өткізіледі. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады.

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

 

Лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты

Мың тенгеден

Мың тенгеге дейін

А-1-3-1

107797

130670

 

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби

 жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.

         Конкурстың өтетін күні: 2018 жылғы 03тамыз

         Конкурстың өтетін орыны: Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Сарыкемер ауылы, Д. Қонаев көшесі №117

         Электрондық пошта: baizak_raiono@mail.ru

         Конкурсқа жіберілген үміткерлер конкурстық ереже талаптарына сай әңгімелесуден өтеді.

         Осы бос лауазымдық орынға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

 

 

Бөлім басшысы                                                     Ә.Әбдімомынов

 

 

 

 

 

 

 

орын: Ш. Әбдірәсілов, тел:4-09-11

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі