click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Кәсіби бағдар беру

Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен орта білім беретін мекемелерінде Еңбек күнін мерекелеуге байланысты төмендегідей іс-шаралар өткізілді: -Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі оқушылармен өндірістік цехтар мен экскурсияларға шықты. Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік баңдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр. Мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшін де мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болып жатса. Қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр, өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінене өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата –аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуге қандай жағдайларды ескеру керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың негізгі принцптерінде: «Оқушылардың кәсіптік бағдарлау» принцптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен сапалы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет. Қалай жүргізуге болады. Нәтижесінде нені көруге болады. Осы сұрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінене байқауға болады. Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі - бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Оқушылардың кәсіби ой-ниетін анықтау, оқушылардың мамандық туралы хабардарлығы, табандылықты зерттеу кәсіби тұлғаның типті бағалау оқушылардың кәсіби қызығушылығы мен бейімділігі, кәсіптік ынталандыруын зерттеу бағыттары бойынша саулнамалар алынып, қорытындысы жасалынды. Қорытынды нәтижесінде оқушылардың тұлғалық бейімділігі қабілеттері мен мүмкіндіктерінің кәсіби ой-мұраттарының сәйкестігі анықталып ауыл шаруашылығы мамандықтарына қызығушылық танытқан оқушылар 19.10.2015 жылы 9-11 сынып оқушыларымен Байзақ ауданындағы 8 жеке кәсіпкерлерге саяхат жасадық. 1. Талас ауылы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан жеке кәсіпкер Мамбетова Раушан Истилеуқызының кондитерлік және шұжық цехында болдық. 2. Талас ауылы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан жеке кәсіпкер «Ақниет» шұжық цехі. 3. Талас ауылы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан жеке кәсіпкер Лесняк Владимр Ильечтің сүт өнімдері цехы. 4. Талас ауылы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан жеке кәсіпкер Агали сүт өнімдері цехы. 5. Жаңатұрмыс ауылдық округінде «Манат»шаруа қожалығының барлық маусымдық жоғары өнімді жылыжай кешені. 6. Талас ауылы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан «Ақ ниет» шаруа қожалығының «Халал» шұжық цехы. 7. Талас ауылы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан жеке кәсіпкер Муслимов Нұржан Жомартұлының «ТИГУ» жылжайы 8. Байзақ ауылы, Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан жеке кәсіпкер Сапарбеков Жасулан Рыскелдіұлының мал бордақылау кешенінде болдық. Оқушылар кәсіпкерлерге көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, оған толық жауап алды. Оқушылар өте жақсы көңіл күймен өз мамандықтарын дұрыс таңдағандықтарына көз жеткізіп қайтты.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі