click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы Көктал ауылындағы Көктал орта мектебінің бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

Сарыкемер ауылы, Д. Қонаев көшесі 117 үй,  анықтама үшін телефон: 4-09-11 факс:4-09-12

Көктал ауылындағы Көктал орта мектебінің бос тұрған директоры лауазымына (1 бірлік ) конкурс жариялайды.

Мекеменің атауы: «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Көктал ауылы, Уалиханов көшесі.  Пошталық индекс: 080110

Телефон (872637) 5-07-92

Электрондық почтасы: baizak-koktal@bk.ru

Мекеме қызметінің негізгі бағыты:

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
      Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

  1. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі;
  2. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
  3. Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);
  4. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  5. Соттылығының жоқ екені туралы анықтама.

 

Лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық жалақысы, қызмет атқарған жылдарына байланысты

Мың тенгеден

Мың тенгеге дейін

А-1-3

113394

130670

 

Кәсіби біліктілігі:

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымында («Ауыл жаңалығы», «Сельская новь») жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды Сарыкемер ауылы, Д. Қонаев  көшесі, №117 үйде орналасқан аудан әкімдігінің білім бөліміне өткізеді. 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды ұсынады.

  1. білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондар көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білім туралы құжаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

      6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

      7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

      8) медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;

      9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;

     10) мектепті дамытудың перспективалық жоспары;

Аталған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың Конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

  1. конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
  2. мектептің Қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі-Қамқоршылық кеңес)

кандидаттарды келісу;

  1. облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім

беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;

  1. білім беруді басқару органының Конкурстық комиссиясының отырысында

әңгімелесу;

Конкурстың өтетін күні: 2018 жылғы  31 мамыр

            Конкурстың өтетін орыны: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы Д. Қонаев көшесі №117, аудан әкімдігінің білім бөлімі.

            Электрондық пошта: baizak_raiono@mail.ru

            Конкурсқа жіберілген үміткерлер конкурстық ереже талаптарына сай әңгімелесуден өтеді.

            Осы бос лауазымдық орынға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге де жеңілдіктер берілмейді.

 

 

            Бөлім басшысы                                                                              Ә.Әбдімомынов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы:Ш.Әбдірәсілов, тел.:4-09-11

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі