click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

«Балабақшада театр түрлерін қолдану арқылы баланың тіл байлығын, сөздік қорын арттыру» тақырыбында семинар-практикум өтті

2018 жылдың 27 сәуір күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Еркетай» «Балабақшада театр түрлерін қолдану арқылы баланың тіл байлығын, сөздік қорын арттыру» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті.

Семинардың мақсаты: педагог-тәрбиешілердің театрландырылған әрекет туралы білімдерін кеңейту, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын, сөздік қорын арттыру.

Аталған семинар-практикумға балабақшалар және мектеп жанындағы шағын орталықтардан  28 тәрбиеші қатысты. Ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерінде балалар «Көңілсіз әтеш», «Бауырсақ», «Қоян мен түлкі» ертегілерінің қойылымдарын көрсетті. Сондай-ақ, семинарда шеберлік сыныбы, психологиялық тренинг, балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Қорытынды бөлімінде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісіп, мектепке дейінгі ұйымның ұжымына алғыстарын білдірді.

  

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі