click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 28 наурыз күні Байзақ ауданында «Рухани жаңғыру: ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» тақырыбында аудандық атаналар форумы өтті.

         Бала тәрбиесінде ата – ананың орны ерекше. Өйткені ұяда көрген тәрбие, саналы азамат болып қалыптасуында  ықпалын тигізері анық. Озық 30 елдің арасында бой тігу үшін, саналы, білімді, білікті ұрпақ дайындауымыз қажет. Білім мен тәрбие егіз ұғым. Екеуін ұштастыра отырып, ХХІ ғасырдың көшбасшысын дайындаймыз. Елбасы рухани жаңғыру мақалалық бағдарламасында ұлттық кодты сақтай отырып, табысты мемлекетке айналатынымызды қадап айтты. Білімнің салтанат құруы – болашақта білікті мамандар тапшылығының жоюлуы. Сондай-ақ, цифрлы Қазақстанға көшудің тиімді жолы.

          Болашағымыздың жарқын болуы  үшін ата- ана мен мұғалімнің ара қатынасы тығыз байланыста жұмыс жасалынуы керек. Осы байланысты орналастырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасау мақсатында, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Байзақ батыр көшесінің бойында орналасқан «Әл-Фараби» атындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»  тақырыбында аудандық ата – аналар форумы өткізілді.

      Форумға  аудандық  45 білім ошағында оқып жүрген оқушылардың ата – аналар кеңесінің мүшелері, белсенді ата- аналар, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау, дін саласының мамандары –барлығы 350 адам қатысты.

       Форумға аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы Кенжебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов, аудан прокуроры  Бағлан Балтабайұлы Телеу, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Асылхан Азимханұлы Заурбеков, жергілікті полиция бастығы Арман Бейсенбайұлы Дауренбеков қатысты.

    Форумның алғашқы сөзі аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Қуанова Арманай Тулебайқызына берілді. Ол балалардың қауіпсіздігі мен болашағы және интернет қауіпсіздігі туралы баяндама жасады.

  Келесі сөз «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрғасы Ринат Нұрақбаевқа берілді. Ол Ұлттық тәрбие  туралы өз ойын ортаға салды.

Бала денсаулығы-өзекті мәселе екені белгілі. Бұл мәселе туралы аудандық «Жастар денсаулығы» орталығының директоры Сауле Тұрлықожақызы Бөлтірікова әңгімеледі.

 Құқықтық сауаттылық-заман талабы. Форумда аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының жетекшісі Рәпілбек Асхат ортаға шақырғым келіп отыр. Оның кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы ақпарат берді

Қазіргі таңда ауданның 37 мектептері пен  27 балабақшаларда «Қамқоршылық кеңестері» құрылып, қазіргі таңда жұмысын бастап кетті. Сондай мектептің бірі- Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының «Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы Төлемісова Адас Ақмағанбетқызы  өз жұмыстары туралы айтып өтті.

Форумның  ережесі бойынша ортада «Еркін микрафон» жұмыс істеп тұрды, микрафон арқылы ата-аналар мен форумға қатысушы қонақтар арасында пікіралмасу, ұсыныс-тілектер айтылды.

Форумның соңында облыстық ата-аналар форумының үндеуін басшылыққа ала отырып, төмендегідей үндеу қабылданды.

 

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

ата-аналар форумының үндеуі

Облыстық ата-аналар форумының үндеуін басшылыққа ала отырып, Байзақ ауданы ата-аналары жарқын болашағымыздың тұтқасы бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата-аналарға үндеу жолдаймыз!

1.Ұрпағымыздың саналы, қызымыз ұятты, ұлымыз ұлықты болсын десек ұлттық құндылықтарды басшылыққа алайық!

2.Егер баламыздың болашағына алаңдасақ, баламыздың қолына қымбат смартфон ұстауына тыйым салайық!

3.Үйдегі әлеуметтік желіде қашан, қандай байланысты отырып, нендей мәлімет алып жатқанын қадағалайық!

4.Түрлі кездейсаоқ жағдайлардың алдын алу үшін жай байланысқа қажетті телефон ұстайық!

5.Балаларымызды жан-жақты дамып, өсуі үшін түрлі спорт, өнер тағы да басқа үйірмелерге баруын ұйымдастырайық!

6.Баламыздың достарының, жолдастарының кім екендігін білгіміз келсе, олармен сырлас бола білейік!

7.Балаларымыздың үлгерімін қадағалап, үлгерімі жақсы оқушылар қатарына қосайық!

8.Баламызды қорғағымыз келсе, ең алдымен өзіміздің құқықтық сауаттылығымзды арттырайық!

9.Баламыздың денсаулығын ойласақ, түрлі аурулардың алдын алу үшін екпелерді және дәрумендерді уақытылы қабылдайық!

10.Жауапкершілігі жоғары, саналы азамат тәрбиелеуде аянбай еңбек етейік!

11.Мектеппен, ұстаздармен ортақ бала тәрбиелеуде үздіксіз байланыста болайық!

12.Бала тәрбиесінде кеткен қателікті мектептен іздемей, тәрбие мен білім беріп келе жатқан Ұстаздарды  сыйлауды үйретейік!

13.Бала тәрбиесіндегі басты жауапкершілік, ата-аналар, өздерімізде екенін үнемі ұмытпайық!

14.Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін бірігіп ат салысайық,  құрметті ата-аналар!

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі