click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Білім бөлімінің ұйымдастыруымен V аудандық «Ақберен» байқауы өткізілді

 2018 жылдың 13 наурыз күні Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында V аудандық «Ақберен» байқауы өтті. Байқауды аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Маутаева Қарлыға ашты. Байқауға жалпы 51 оқушы қатысты, 6 бөлім бойынша өтті. Байқауға қатысқан оқушылар өз мектептерінің намысын қорғап, жеңімпаз атанды, олар: І бөлім «Шешендік өнер» байқауы бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп – гимназиясының 10 – сынып оқушысы Махсұт Магрина, ІІ бөлім «Көркемсөз оқу» байқауы бойынша Сарыкемер мектеп – гимназиясының 10 – сынып оқушысы Ильмурадов Қайрат, ІІІ бөлім «Шығарма» байқауы бойынша Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп – гимназиясының 10 – сынып оқушысы Досмағанбет Дана, VІ бөлім  «Ақындар мүшәйрасы» байқауы бойынша Көктал орта мектебінің 8 – сынып оқушысы Халилулаев Оразалылар барады. Бұл оқушылар ауданымыздың намысын облыста қорғайтын болады.  

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға мен әділқазылар алқасының мүшесі Шаухаров Фазыл байқауды қорытындылап, оқушыларды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, Алғы хаттармен марапаттап сәттілік тіледі.

  


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі