click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Бурыл орта мектебінің базасында химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Химия, биология пәндерінен ағылшын тілінде оқыту: мүмкіндіктер мен қиындықтар» аудандық семинар-практикумы өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 2018 жылдың 6 наурыз  күні Бурыл орта мектебінің базасында химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Химия, биология пәндерінен ағылшын тілінде оқыту: мүмкіндіктер мен қиындықтар»    аудандық  семинар-практикумы өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен  19  химия, биология пәні мұғалімі қатысты.

Cеминар жаңартылған мектеп жүйесіне үштілді білім беруді енгізудің тиімді жолдарын анықтау, үштілде білім беруді жүзеге асырудың іс-тәжірибесімен, әдіс-тәсілдерімен  алмасу мақсатында өткізілді.

Семинар барысында  Бурыл орта мектебінің мұғалімі Джанабаева Н. «Химические формулы. Валентность.» тақырыбында  7 сыныппен,  Н.Гоголь атындағы орта мектеп мұғалімі Таласбай А.  «Су өмірдің маңызы» тақырыбында  8 сыныппен сабақ өткізді. Сонымен қатар  Бурыл орта мекетбінің мұғалімі Мосенкулова А. «Мидың құрылысы мен қызметі.» атты 7 сыныппен сабақ көрсетті,  ал Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының мұғалімі Кравчук Е. «Ontogenesis» тақырыбында  мұғалімдермен  сабақ жүргізді.

          Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Темиртаева  А.Ж. семинарды  қорытындылады.

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі