click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Жыр алыбы - Жамбыл» байқауы өткізілді

2018 жылдың 27 ақпан күні Жамбыл атындағы орта мектептің базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында аудандық «Жыр алыбы - Жамбыл»  атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауды аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Маутаева Қарлыға ашты. Байқауға жалпы 25 оқушы қатысты. Байқауға қатысқан оқушылар өз мектептерінің намысын қорғап, жеңімпаз атанды, олар: №1 мектеп – гимназиясының 8-сынып оқушысы Сүндетова Ақшолпан – бас жүлде, Түймекент орта мектебінің 5-сынып оқушысы Серік Қырмызы – І орын, Үлгілі орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сағындықова Әсия мен Н.Гоголь атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Әшірбай Айым – ІІ орын, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп – гимназиясының 8-сынып оқушысы Ержанқызы Сабина, Жамбыл атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Сүлейменова Гүлзакира, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Жамашева Жанельдер – ІІІ орынды иеленді. №3 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бөлебай Жанерке, Сарыкемер мектеп – гимназиясының 8-сынып оқушысы Маман Айдана, Қостөбе орта мектебінің 7-сынып оқушысы Күлтешова Анель,А.С.Пушкин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Есенәлі Айданалар «Алғыс хаттармен» марапатталды.   

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға мен әділқазылар алқасының мүшесі Шаухаров Фазыл байқауды қорытындылап, оқушыларды дипломдармен, Алғы хаттармен марапаттап сәттілік тіледі.

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі