click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Қостөбе орта мектебінің базасында «Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс» тақырыбында семинар-практикум өтті.

2018 жылдың 2 наурыз күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қостөбе орта мектебінің базасында  «Қалыптастырушы бағалаудағы кері байланыс» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-практикум өтті. Мақсаты оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қатысушыларға ұсыну.

Семинарға 34 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Іс-шара  барысында қатысушыларға сабақта қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша 1, 2 сыныптардың орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндерінен ашық сабақтар көрсетілді. «Қалыптастырушы бағалау және кері байланыс» тақырыбында коучинг жүргізілді.

Қорытынды бөлімінде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Семинар жұмысы жақсы деп бағаланды.

 

     

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі