click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 23-24 ақпан күндері аралығында Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің базасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жас Ұлан» әскери-патриоттық спорттық жарысы болып өтті.

     Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 23-24 ақпан күндері аралығында Сарыкемер ауылы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің базасында Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты жолдауы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесі мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 26 жылдығына орай «Жас Ұлан» әскери-патриоттық спорттық жарысы болып өтті.

Аталған жарысқа аудандық білім бөлімінің АӘД пәнінің әдіскері А.Шаухаров және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары капитан А.Ахметов қатысып, сөз сөйледі. Аталмыш «Жас Ұлан» әскери-патриоттық жарысына аудандық білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мекемелерінен 22 команда қатысып күш сынасты.Жарыс қорытындысы бойынша бойынша жеңімпаз командаларға аудандық білім бөлімінің дипломдары табысталды.

 

 

            


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі