click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 28 ақпан күні «Жаңа әдістемелер мен технологияларды сабақта қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық шеберлік сынып өткізілді.

       Байзақ  ауданы        білім   бөлімінің   әдістемелік    кабинетінің ұйымдастыруымен  №1 мектеп-гимназиясының   математика пәні мұғалімі Айнур Чавкарова    2018 жылдың  28  ақпан  күні   «Жаңа әдістемелер мен технологияларды сабақта қолдану арқылы білім сапасын арттыру»  тақырыбында  аудандық  шеберлік сынып өткізді.  Шеберлік сынып  жұмысына  5,7 сыныптарға сабақ беретін аудандық математика  пәнінің  мұғалімдері,  барлығы 21 мұғалім  қатысты.

       Шеберлік сынып жұмысымен аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұ.Амреева таныстырды.

      Шеберлік сынып жұмысына  сәйкес пән мұғалімдері сабақтарға қатысты.

       Онда Айнур Чавкарова бес сабақ және бір сыныптан тыс сабақтарын көрсетіп өзінің іс-тәжірибесімен бөліссе, Роза Махамбетова  «Критериалды бағалаудың тиімділігі» тақырыбында  мұғалімдер арасында коучинг өткізді.

Шеберлік сынып жұмысын  білім бөлімінің әдіскері қорытындылап, пән мұғалімдерінің жұмыстарына табыс тіледі.

 

  

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі