click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық «Әбіш оқулары» байқауы өткізілді

2018 жылдың 16 ақпан күні Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында аудандық «Әбіш оқулары» байқауы өтті. Байқауды аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға ашты. Байқау 4 бөлім бойынша өтті. І бөлім Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер сабу байқауы бойынша бас жүлдені Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясының 9-сынып оқушысы Сенбек Жанна, І орынды Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Есильбаева Жансая, ІІ орынды Жамбыл атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Есимов Нарбек пен Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жанаділқызы Асылай, ІІІ орынды М.Маметова атындағы негізгі мектептің 9-сынып оқушысы Тамдығалиева Диляра мен №3 орта мектептің 5-сынып оқушысы Рысқұл Нұрдәулеттер иеленді. ІІ бөлім Ә.Кекілбаев шығармаларынан (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу байқауы бойынша бас жүлдені Диқан тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Бекәділова Нұрайым, І орын №1 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Уалихан Мерей, ІІ орынды С.Абланов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мұса Нұрбина мен Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Джугинисова Жансая, ІІІ орынды Амангелді атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Игенбай Мөлдірсезім, №2 орта мектептің 10-сынып оқушысы Сапарова Ұлпан, Сарыкемер мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Байтұрақова Талшындар иеленді. ІІІ бөлім Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы бойынша І орынды Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Жанатбекқызы Жұлдызай, ІІ орынды Абай атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Сатайбекова Тоғжан мен С.Абланов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Әкімжан Ақнұр, ІІІ орынды Берікқара орта мектебінің 9-сынып оқушысы Есенов Еділ, №2 орта мектептің 10-сынып оқушысы Омарбекова Арай, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Абдилова Нурилалар иеленді. ІV бөлім Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым байқауы бойынша І орынды С.Абланов атындағы орта мектебінің оқушылары, ІІ орынды №1 мектеп-гимназиясының оқушылары, ІІІ орынды №2 орта мектептің оқушылары иеленді. Байқауға  жалпы 79 оқушы қатысты.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға мен әділқазылар алқасының мүшесі Шаухаров Фазыл байқауды қорытындылап, оқушыларды дипломдармен, Алғы хаттармен марапаттады. Облыстық «Әбіш оқулары» байқауына ауданның атынан баратын оқушыларға сәттілік тіледі.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі