click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Сарыкемер мектеп-гимназиясының базасында химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың әлеуметтенуі мен ҰБТ-ға дайындығы – мектептің табыс факторларының кілті» аудандық семинар-практикум өтті

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 2018 жылдың 9 ақпан  күні Сарыкемер мектеп-гимназиясының  базасында химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың әлеуметтенуі мен ҰБТ-ға дайындығы – мектептің табыс факторларының кілті»  аудандық  семинар-практикумы өткізілді.

Химия секциясы : Семинарға аудан мектептерінен 20 химия пәні мұғалімі қатысты. Білім бөлімінің әдіскері Темиртаева А. семинардың бағдарламасымен таныстырып,  «Оқу үдерісінің табыс факторы – мектеп бітірушілердің әлеуметтенуі мен ҰБТ-ға дайындығы» тақырыбнда баяндама жасады.

Семинар барысында Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Нұрбекова Н. «Жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындық» тақырыбында сөз сөйлеп, химия пәнінен оқушыларға қиын есептерді тиімді шешу жолдарын атап өтті. Сонымен қатар №1 мектеп-гимназиямының химия пәні мұғалімі Молданбаева А. «Күрделілігі жоғары есептерді шығарудың тиімді жолдары» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

          Семинар соңында  білім бөлімінің тарапынан оқушылармен жұмыс жүргізу үшін мұғалімдерге химия пәні бойынша 11-нұсқалы жаңа форматты тест тапсырмалары ұсынылды.

Семинарды білім бөлімінің әдіскері А.Темиртаева   қорытындылады.

Биология секциясы: Семинарға аудан мектептерінен 22 биология биология пәні мұғалімі қатысты.  Білім бөлімінің әдіскері Темиртаева А. семинардың бағдарламасымен таныстырып,  «Оқу үдерісінің табыс факторы – мектеп бітірушілердің әлеуметтенуі мен ҰБТ-ға дайындығы» тақырыбнда баяндама жасады.

Семинар барысында Түймекент орта мектебінің биология пәні мұғалімі    Смағұлова Құрманкүл  «Биология пәнінен ҰБТ дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында,  Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі  Талдаеева М.   «Оқушыларды жаңа форматтағы ҰБТ дайындау» тақырыбында сөз сөйледі.

          Семинар соңында білім бөлімінің тарапынан  мұғалімдерге биология пәні бойынша тақырыптық тесттер жинағы мен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін  жаңа форматты тест тапсырмалары ұсынылды.

            Семинарды білім бөлімінің әдіскері А.Темиртаева  қорытындылады.

 

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі