click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 25 қаңтар күні Н.Гоголь атындағы орта мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны: қиындықтары мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы химия,биология пән мұғалімдер арасында аудандық семинар-практикумы өтті.

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 2018 жылдың 25 қаңтар күні Н.Гоголь атындағы орта мектебінің базасында «Жаңартылған білім беру мазмұны: қиындықтары мен мүмкіндіктері»   тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинарға аудан мектептерінен 27 химия биология пәні мұғалімі қатысты.

          Семинарды  Н.Гоголь атындағы орта мектебінің директоры Телтаев Н. ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Білім бөлімінің әдіскері Темиртаева А. семинардың бағдарламасымен таныстырып,  семинар жаңартылған білім мазмұны бойынша білім берудегі қиындықтарын, мүмкіндіктерін анықтау, тәжірибе алмасу мақсатында өткізіліп отырғандығын айтып өтті.

          Семинар барысында 7 сыныпқа Н.Гоголь атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімім  Туғанбаева Қарлығаш  «Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері» тақырыбында, Көктал  орта мектебінің биология пәні мұғалімі  Қасенова Жадыра «Жануарлардың қозғалысы» атты, Ленин орта мектебінің химия пәні мұғалімі Қашкеева Манат «Табиғи қышқылдар мен негіздер» тақырыбында сабақтарын көрсетті.  Сонымен қатар  білім бөлімінің әдіскері Темиртаева А. «Химия және жаратылыстану сабақтарындағы бағалау үдерісі» тақырыбында сөз сөйлеп,  семинарды  қорытындылады.

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі