click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Тәрбие саласы

Қыз баласы тәрбиесі-басты назарда

 

 

                                                                            Сөкпей сөйле, ұлыңа,
                                                                            Күлмей сөйле, қызыңа.
                                                                            Жіберіп қойып еркіне,
                                                                            Күлкі болма жұртыңа-

дейді дана халық.

 

          Қыз бала тәрбиесіне ертеден-ақ мән берген. Өмірдің гүлі, ел болашағы қыз бойында, іс-әрекетінде, психологиясында өз мінез-құлқына тән құбылыстар болады. Балғын шақтың қызығы да осында.

 

Олай болса, кіріспе ретінде «Мектеп қабырғасындағы қыздар тәрбиесі» тақырыбындағы бейнероликке назар аударсақ.

           Қазіргі кезде қоғамдық орындарда қыз балаларымыздың дөрекі қылықтары, темекі шегіп, балағат сөздерді айтып, үлкен кісі отырса да қымсынбай қандай тақырыптағы әңгіме болсын ашық айтып отыратынын да талай рет көрген шығарсыздар. Тіптен, жігіттерімен құшақтасып, адамды ұялтар қылық жасап отыратыны да бар. Осыған шыдамаған үлкендер қауымы үнсіз тұрып кетіп жатады. Кейбірі қыз бала ғой деп ақыл айтып, қылығының орынсыз екенін түсіндіріп жатса да, «ой, қойшы соны, қай заманда қалып қалған, қазір ХХІ ғасыр» деп жататынына да куә болып жүрміз. Сонда ХХІ ғасыр талабы осындай ма? Үлкенді сыйламай, тіпті қоғамды сыйламай өмір сүр деп үйретеді ме? Жоқ, әрине. Бұл жай ғана өз ісіне айтар сылтаулары шығар.

        Бірақ осы заманда өмір сүріп жатқан адамға шынымен де осындай ой келуі мүмкін. Күнделікті теледидардан осы сынды құбылыстар бар кинолар мен телехикаяларды жібермей көреміз. Кейбір жасөспірім қыздар ата-аналарымен де қосылып көріп отырады. Мұндай жағдайларға көзі үйреніп кеткен жасөспірімде осының бәрі дұрыс деген ой қалыптасары сөзсіз. Түрік телехикаяларынан бастап, бәрі оғаш қылықтарға толы болып кетті емес пе? Неге түрік дейсіз ғой? Әрине, басқа да елдің телехикаялары мен кинолары жақсы тәрбиелік мәнге ие болып тұрғаны шамалы. Бірақ соңғы кездері қоғам осы түрік телехикаяларын жібермей көріп жүргені белгілі. Қай үйге барсаңыз да, айтар әңгіме солардың өмірі, солардың жағдайлары. Енді соларды көріп, куә болып өскен қыздарымыздан не сұраймыз? Қазір болып жүрген «Мезгілсіз махаббат» телехикаясын алып қарасаңыз. Бүкіл халық осы телетуындыны жібермей көреді, барлық жұмыстарын ысырып қойып, соны күтеді. Үлкені де, кішісі де теледидарға үңіліп, сол өмірге еніп кеткендей. Сұрақ қойып, жауап ала алмайтын кездерім де болады. Міне, осындай жағдай әр отбасында да бар шығар. Бұл телехикаяда бастан-аяқ көргенсіздік сипат алған. Шешесі мен қызының бір адамды ұнатуы, қызының шешесімен талас-тартысы, одан қала беріп өз қайнысымен көңіл қосуы, қайнысының түбі барып сол үйдің қызына үйленуі — бәрі-бәрі қандай тәрбие береді?

Теледидар демекші, теледидар арқылы небір сұмдық хабарлардың да куәсі болудамыз.  Әлемде болып жатқан жаңалықтар, оның ішінде «Қыздар сыны» байқауын  бұрмалап, басқа қырынан қыздардың байқау ұйымдастырылып жатқаны, әрине, ұятсыздық деп білеміз.

 Олай болса, келесі бейнероик «Жасасын ұятсыздық» деп аталады. Назар аударайық.

         Иә, көшеде келе жатып әртүрлі жағдайларды көріп жүрміз. Қыз балалардың қылығы өзгеріп, дөрекіленіп бара жатыр. Кімнің қыз, кімнің ұл екенін де кей кездері ажырата алмай жатамыз. Шаштары қысқа, үстіндегі киімдері ұл балалардікі сияқты, сөздері балағатқа толы, ауыздарында сағыз. Ала көзденіп, айналасындағы адамдарға менсінбеушілік танытып, бәрі соған қызмет ететіндей сыңай танытып тұрады. Сонда қыз балаларға арналған киім жоқ болғаны ма? Мүмкін, бұл ерекшеленудің бір түрі шығар? Біздің қазақи болмысымызға жат мұндай қылықтар қайдан келді? Неге осындай үлкен сұранысқа ие болуда? Мұның астарында не жатыр деген сынды сұрақтар көкейімнен кетер емес.

         Осындай жағдайларды ескере отырып, қыздарымыздың ерет жыныстық қатынасқа түсуі немесе ерте жүкті болуы сияқты жағымсыз қылық, індет белең алып бара жатқанына себепкер осылар  ма -деген сауал туындайды.

      Жасөспірім қыздар ең алғаш рет қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түседі, оған не себеп болады, деген сауалға дәрігерлер мен психологтар, құқық қорғаушылар мынандай да жауап қайтарады: «Жасөспірімдердің алғашқы жыныстық қатынасқа түсуіне олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері де, отбасындағы, мектептегі тәрбиесінің нашарлығы да, өмір сүретін өңірі, ортасындағы жағдай да, өзінің жыныстық қатынасқа ерте құмартқан белсенділігі де, теледидар, кинотеатрлардан порнографиялық фильмдерді жиі көруі де себеп болады. Педофильдердің зорлауына, алдап-арбауына түсіп қалуы да жасөспірім қыздарды бұзып жібереді»-деген уәж айтады.

Т. Төлендиев пен Қ. Иманбаевтың «Қызым, саған айтам...» атты кітабында (Алматы, «Қазақстан», 1991) ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияны жөнінде былай деп жазылыпты: «Кәмелетке жетпей жатып еркекке жақындау қауіпті, опық жегізеді. Пісіп-жетілмей тұрған кезде, өздерің әлі балалық жақтан өтпей тұрғанда жүкті болып, бала тауып қалуларың мүмкін. Оның үстіне сендердің әлі мамандықтарың да, тәжрибелерің де жоқ қой. Оқуларың, өсіп-жетілулерің керек.

Еркекпен ерте жақындасудың зардабы да, салдары да көп. Ойда жоқта жүкті болып қалу – жас қыздардың денсаулықтарын құртады, көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұқсан келтіреді. Қазір бедеуліктің 16 пайызына тұңғыш біткен баланы алдырып тастау себепкер. Бір-екі кездесе салып жас қызбен жыныстық қатынасқа түсуді талап ете бастайтын жігітің ойы арам, бұл оның қызды сүймейтіндігінің белгісі, ойлағаны – қызбен жатып құштарлығын қандыру ғана»-дейді.

 Бұл сөзіміді түйіндеу үшін экранға тағы назар аударайық. «Оқушылар арасында жүктілік көбейді» тақырыбындағы бейнеролик

 

Абай атамыз «Жаман тәрбие – болашақтағы қайғыңыз» деген. Қыздың абыройы мен ары – бүкіл елдің абыройы мен ары.
Қыз әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей мінезімен уыздай тәтті қылығымен, іскерлігімен, ұқыптылығымен, ізеттілігімен, иманды, инабаттылығымен сыйлы.

 

 «Қыздарға» атты бейнероликпен қорытындылау

 

 

 

«Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі» тақырыбында өткізілген аудандық  жалпы қыздар жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

  Сарыкемер орта мектебінің мәжіліс залы              

  2015 жыл, 23 қаңтар,  сағат 1200

 

Мақсаты: Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне аудару.

 

Қатысқандар: Байзақ аудандық прокуратураның прокуроры Ж.Т.Қойкенова, Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық  саясат жөніндегі комиссия хатшысы С.Б. Иманова, Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскер И.А.Спаналиева, Психолог әдіскер Р.С.Сәбитбекова, Байзақ ауданы ішкі істер бөлімі зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің жетекшісі Т.Момынкулова, Байзақ аудандық «Жастар денсаулығы» орталығының меңгерушісі С.Т.Бөлтірікова, Н.Киікбаев о/м, Ю.Гагарин о/м, Сарыкемеро/м, Қазақстанның 40 жылдығы о/м, Ғ.Муратбаевм/г 9-11 сынып оқушы қыздары

 

Күн тәртібінде:

 

  1. «Қыз бала тәрбиесі-басты назарда» Білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскер И.Спаналиева.
  2. «Жаны сұлудың тәні сұлу». Гагарин орта мектебінің медбикесі Г.Әбділдаева.
  3. «Қыз қылығымен көрікті». Ғ. Мұратбаев мектеп-гимназиясының психологы С.Қалабаева.
  4. «Қызым - сырласым». Сарыкемер орта мектебінің ата-аналар комитетінің мүшесі Утениязова Б.
  5. «Бой түзеу-әуелі ой түзеу». Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің президенті А.Түйжергенова
  6. «Жылы жүрек-жақсы тілек». Киікбаев атындағы орта мектебінің психологы Г.Рахимова.

Тыңдалды: 

Бірінші мәселе бойынша Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және гендерлік саясат жөніндегі комиссия хатшысы Имашова Салтанат Бәйтеліқызысөз алды. Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі. Қыз баланы тәрбиелей отырып, біз ұлтты тәрбиелейміз. Түнгі беймезгіл уақытта қыз баланың көше кезіп жүруі жат қылық. Тәрбиелі бола білейік!

Осы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскер И.А. Спаналиева «Қыз баласы тәрбиесі-басты назарда» тақырыбында баяндама оқыды.  Өз баяндамасында қыз бала тәрбиесі туралы кейбір олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән тазалығы, ар тазалығы мәселесіне тоқталды.

      «Мектеп қабырғасындағы қыздар тәрбиесі», «Оқушылар арасында жүктілік көбеюде» , «Қыздардың пәктігі, ДНК, тұқымқуалаушылық» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

Үшінші мәселе бойынша Гагарин орта мектебінің медбикесі Г.Әбділдаева «Жаны сұлудың тәні сұлу» тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында  еркекпен ерте жақындасудың зардабы да, салдары да көп. Ойда жоқта жүкті болып қалу – жас қыздардың денсаулықтарын құртады, көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұқсан келтіреді. Қазір бедеуліктің 16 пайызына тұңғыш біткен баланы алдырып тастау себепкер. Бір-екі кездесе салып жас қызбен жыныстық қатынасқа түсуді талап ете бастайтын жігітің ойы арам, бұл оның қызды сүймейтіндігінің белгісі, ойлағаны – қызбен жатып құштарлығын қандыру ғана» - деді.

         Келесі сөз кезегі «Жастар денсаулығы» орталығының меңгерушісі С.Т.Бөлтіріковаға берілді. Осындай жағдайларды ескере отырып, қыздарымыздың ерте жыныстық қатынасқа түсуі немесе ерте жүкті болуы сияқты жағымсыз қылық, індет белең алып бара жатқанына себепкер осылар  ма - деген сауал туындайды. Жасөспірім қыздар ең алғаш рет қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түседі, оған не себеп болады, деген сауалға дәрігерлер мен психологтар, құқық қорғаушылар мынандай да жауап қайтарады: «Жасөспірімдердің алғашқы жыныстық қатынасқа түсуіне олардың анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері де, отбасындағы тәрбиесінің нашарлығы да, өмір сүретін өңірі, ортасындағы жағдай да, өзінің жыныстық қатынасқа ерте құмартқан белсенділігі де, теледидар, кинотеатрлардан порнографиялық фильмдерді жиі көруі де себеп болады.-деген пікірлер төңірегінде сөз қозғады.

Төртінші мәселе бойынша Сарыкемер орта мектебінің ата-аналар комитетінің мүшесі Б.Утениязова «Қызым - сырласым» тақырыбында баяндама оқыды. Өз баяндамасындакішкентайынан бала ата-анасын жан досындай жақын тұтып, ашық сырласып, кез-келген тақырыпта еркін әңгімелескені абзал. Сәбиінен сыр сақтамай, әрі ата-ана, әрі дос, әрі ақылшы бола білетіндер өмір өткелдерінен сүрінбей өтуге дайындайды. Сөйтіп, ата-аналар перзентінің ішкі тылсым табиғатымен түгел танысып, баласымен бірге өсіп-өнеді. Бала жанын тыңдаудан жалықпайды. Содан бала ақыл-кеңесті көшедегі көрінгеннен іздемей, ең алдымен ата-анасымен ақылдасу керектігі туралы айтты. 

Келесі сөз, «Қыз қылығымен көрікті» баяндамасымен Ғ. Мұратбаев мектеп-гимназиясының психологы С.Қалабаеваға берілді. Қыз тәрбиесі туралы айта отырып, қыз бала ең алдымен өз ісіне жауап бере алуы керектігін айтты. Сонан соң  қыз балаларға тренинг өтті. Тренингте Н.Киікбаев мектебінің 10 – сынып оқушысы Н.Қанабекқызы өз ойымен бөлісті.

Байзақ ауданы ішкі істер бөлімі зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің жетекшісі Т.Момынкуловаға ауданымызда зорлық-зомбылыққа қатысты қанда фактілер тіркелгендігі, зорлық-зомбылық түрлері туралы сұрақ қойылды. Сұрақ бойынша тиісті жауап қайтарылды.

 Байзақ аудандық прокуратураның прокуроры Ж.Т. Қойкенова көптеген құқық бұзушылықтар ұялы телефонмен байланысты екендігін және мектептерде ұялы телефонға тыйым салу, мектептің ішкі тәртіп ережесіне сай ата-аналарға айыппұл салу  қажеттігі туралы айтты. Сонымен қатар аудан көлеміндегі құрылған 5 мобильдік топтардың жұмыстары мен міндеттерінің бірі осы қыздар арасындағы жұмыс екендігін нақты мысалдармен жеткізді.

Бесінші мәселе бойынша «Бой түзеу - әуелі ой түзеу» баяндамасымен Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің 10 сынып оқушысы, мектеп президенті А.Түйжергенова  сөйледі. Біздің сәнімізде әнімізде білім болуы тиіс. Болашақ біздің қолымызда, білімді адам қандай қиындық болмасын төтеп беруге әрқашан дайын. «Қыз тәрбиесі – анаға, ұл тәрбиесі - әкеге» деген ата-бабамыздың үмітін ақтайық! -деген жалынды сөздерін айтты.

Киікбаев атындағы орта мектебінің психологы Г.Рахимова  «Жылы жүрек - жақсы тілек» тақырыбында тренинг өткізді. «Қазақ қызы бүгінгінің қандайсың?» атты бейнеролик көрсетілді.

Ұсыныстар:

  1. Аудан әкімдігінің білім беру ұйымдарының қыз балалармен атқарылатын іс-шаралары сапалы ұйымдастырылуына мән берілсін;
  2. Қыз бала тәрбиесіне  ата-аналар жауапкершілігін арттыру мақсатында  ата-аналармен түсіндіру, оқыту жұмыстары жүргізілсін;
  3. Қыз балалардың тәрбиесіне байланысты  ерте жыныстық қатынас, ерте жүктілік, жыныстық жұқпалы аурулар туралы алдын алу жұмыстары сапалы жүзеге асырылсын.
  4. Аудан көлемінде осы бағыттағы тәрбиеге қатысты мекемелер мен ұйымдардың байланысы арттырылып, рухани-адагершілік тәрбие жұмыстары жандандырылсын.

 

Жиналысты хаттамалаған                                            И.Спаналиева

 

 

 

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

 әдістемелік кабинеті

әдістемелік

« Қыз тәрбиесі- қоғам тәрбиесі»

     аудандық қыздар жиналысының

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

                                     Өткізіліетін орны: Сарыкемер орта мектебі

 

 

 

  « Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі»

 

  Мақсаты: Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып,  қоғам назарын қыз тәрбиесіне аудару

               Міндеттері:

< >қыз тәрбиесіне ата-ана жауапкершілігін арттыру<!-- -->қыздардың арасында ерте жыныстық қатынас бағытында жүйелі ақпараттар бере отырып, осы бағыттағы сауаттылығын арттыру 

 

 

Жиналыстың күн тәртібі :

Уақыты

Тақырыбы

Өтілу түрі

Жауапты

Өтетін орны

1

1100-1200

Жиналысқа  қатысушыларды тіркеу

Тіркеу

Сарыкемер орта мектебінің әкімшілігі

Фойе

2

12 00- 12 10

Жиналыстың  ашылуы.  

Ашылуы

Байзақ ауданы әкімдігінің блім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі

АКТ залы

3

 1210-1030

«Қыз бала тәрбиесі-басты назарда »

Баяндама

Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскері И. Спаналиева

АКТ залы

4

1230-1240

«Жаны сұлудың тәні сұлу»

Баяндама

Гагарин атындағы орта мектебінің медбикесі Әбілдаева Г

АКТ залы

5

12 40-1250

«Қыз қылығымен көрікті» 

Психопрофилактикалық тренинг

Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының психологы Қалабаева С

АКТ залы

6

12 50-1300

« Қызым –сырласым»

Баяндама

Сарыкемер орта мектебінің ата-аналар комитетінің мүшесі Утениязова Б

АКТ залы

7

13 00-1310

«Бой түзеу-әуелі ой түзеу »

 

Баянадама

Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің президенті Түйжергенова А

Акт залы

8

13 10-1320

« Жылы жүрек-жақсы тілек»

 

Психологиялық тренинг

Киікбаев атындағы орта мектебінің психологы Рахимова Г

Қалдыбекова А

Акт залы

9

13 20-1330

 Жиналысты қорытындылау

Ұсыныстар

Байзақ ауданы әкімдігінің блім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі

Акт залы

 

                                                                                                 «Қыздың жолы жіңішке»

               Халық даналығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі

 әдістемелік кабинеті

әдістемелік

 

 

 

 

 

«Қыз баланың тәрбиесі-жауапкершілігі мол тәрбие»      

     аудандық семинар-практикум

 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

                  

                                   

   Өткізіліетін орны: Жамбыл атындағы орта мектебі

 

 

        13.11.2015 жыл

 Қыз баланың тәрбиесі-жауапкершілігі

 мол тәрбие»

 

  Мақсаты: Қыз баламен  жүргізілетін іс-шараларды түрлендіру арқылы олардың бойына рухани-адамгершілік тәрбиесін сіңіру

  Міндеттері:

< >қыз бала тәрбиесіне байланысты жұмыстарға нұсқаулықтар  беру -   қыз бала тәрбиесіне ата-аналар жауапкершілігін арттыру

 

 

 

 Бағдарламада:

Уақыты

Тақырыбы

Өтілу түрі

Жауапты

Өтетін орны

1

900-1000

Семинарға  қатысушыларды тіркеу

Тіркеу

Жамбыл атындағы орта мектебінің әкімшілігі

Фойе

2

10 00- 10 10

Семинардың   ашылуы.  

Ашылуы

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі

АКТ залы

3

 1010-1030

«Қыз бала тәрбиесі»

Баяндама

Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскері И. Спаналиева

АКТ залы

4

1030-1100

«Жан қазынасы-адамгершілік негізі»

Тренинг сабақ

Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі  ДТІЖО Қабылбаева Г

АКТ залы

5

11 00-1130

« Отбасы-өмір айнасы» 

Психологиялық семинар сабақ

Бурыл орта мектебі ДТІЖО Укибаева Қ

АКТ залы

6

11 30-1200

« Отбасы- рухани –адагершілік тәрбие бастауы»

Баяндама

Аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Рыскелдиева Қ

АКТ залы

7

12 00-1230

« Жат қылықтардың қыздар тағдырына әсері»

 

Қыздар жиналысы

Гоголь атындағы орта мектебі ДТІЖО Сүгіралиева А

Акт залы

8

12 30-1300

«  Мінезді анықтау» тесті

 

Психологиялық тренинг

Сарыкемер орта мектебінің ДТІЖО Абдрайымова Д

Акт залы

9

13 20-1330

 Семинарды қорытындылау

Ұсыныстар

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдіскері И.Спаналиева

Акт залы

 

                                               Жамбыл  атындағы орта мектебі оқушыларының қолөнер көрмесімен танысу             

                               

 

«Қыз баланың тәрбиесі-жауапкершілігі мол тәрбие» тақырыбында өткізілген аудандық семинар практикумның хаттамасы

Жамбыл атындағы орта мектебі                             13.11.2015 жыл, сағат 10.00

Қатысқанадар: Аудандық білім беру мекемелері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер бірлестіктері жетекшілері

Семинар-практикум мақсаты:  Қыз баламен  жүргізілетін іс-шараларды түрлендіру арқылы олардың бойына рухани-адамгершілік тәрбиесін сіңіру.

 

Бағдарламада:

Уақыты

Тақырыбы

Өтілу түрі

Жауапты

Өтетін орны

1

900-1000

Семинарға  қатысушыларды тіркеу

Тіркеу

Жамбыл атындағы орта мектебінің әкімшілігі

Фойе

2

10 00- 10 10

Семинардың   ашылуы. 

Ашылуы

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі

АКТ залы

3

 1010-1030

«Қыз бала тәрбиесі»

Баяндама

Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскері И. Спаналиева

АКТ залы

4

1030-1100

«Жан қазынасы-адамгершілік негізі»

Тренинг сабақ

Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі  ДТІЖО Қабылбаева Г

АКТ залы

5

11 00-1130

« Отбасы-өмір айнасы» 

Психологиялық семинар сабақ

Бурыл орта мектебі ДТІЖО Укибаева Қ

АКТ залы

6

11 30-1200

« Отбасы- рухани –адагершілік тәрбие бастауы»

Баяндама

Аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Рыскелдиева Қ

АКТ залы

7

12 00-1230

« Жат қылықтардың қыздар тағдырына әсері»

 

Қыздар жиналысы

Гоголь атындағы орта мектебі ДТІЖО Сүгіралиева А

Акт залы

8

12 30-1300

«  Мінезді анықтау» тесті

 

Психологиялық тренинг

Сарыкемер орта мектебінің ДТІЖО Абдрайымова Д

Акт залы

9

13 20-1330

 Семинарды қорытындылау

Ұсыныстар

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдіскері И.Спаналиева

Акт залы

 

        Семинар –практикумды білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиева ашып, оның мақсат, міндеттерімен таныстырды.

«Қыз бала тәрбиесі» тақырыбындағы баяндамасынада әдіскер И.Спаналиева Қазіргі қоғам, қоғамдағы қыз бала тәрбиесі, отбасы тәрбиесі құндылықтары туралы және қыздардың бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттері туралы баяндады.

      Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі  ДТІЖО Қабылбаева Г «Жан қазынасы-адамгершілік негізі»  тақырыбында өткізген тренинг сабағын өткізді. Сабаққа қатысушылар оған оң бағасын берді.

     Бурыл орта мектебі ДТІЖО Укибаева Қ « Отбасы-өмір айнасы»  тақырыбындағы психологиялық семинар сабағын ата-аналар арасында өткізудің формасымен таныстырды.

    Аудандық ата-аналар кеңесінің төрайымы Рыскелдиева Қ  « Отбасы- рухани –адагершілік тәрбие бастауы» атты баяндамасында қыз бала тәрбиесіне жауапкершілік ата-аналарға байланысты дей келе, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі басты қағидаларына тоқталды.

     Гоголь атындағы орта мектебі ДТІЖО Сүгіралиева А « Жат қылықтардың қыздар тағдырына әсері» атты қыздар жиналысының үлгісін ұсына отырып, оның нәтижелеріне мән берді.

      «  Мінезді анықтау» атты психологиялық тесті арқылы Сарыкемер орта мектебінің ДТІЖО Абдрайымова Д семинарға қатысушылардың мінездеріне сипаттама бере отырып, бұл іс-шараның кез-келген жұмыста алатын орын мен маңызын айтып өтті.

      Семинарды білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева қорытып, төмендегідей ұсыныстар қабылданды:

 

< >Мектеп оқушыларының әлеуметтік карталарын жасау кезінде олардың әлеуметтік статусы мен топтарын дұрыс топтау және олармен жүргізілетін жұмысты дұрыс жоспарлау<!-- -->Тәрбиесінде қиындық келтіретін топтағы оқушыларды уақытылы анықтау және психологиялық жеке жұмыстарды жүйелі жүргізу<!-- -->Қыздармен жүргізілетін жұмыс барысында мектептегі «Қыздар кеңесі» және «Аналар мектебі» жұмыстарының сапасын арттыру 

 

 

Семинарды хаттамалаған                                           А.Жүнісбаева

                                                     Жамбыл атындағы орта мектебінің ДТІЖО

 

<!--![endif]----><!--![endif]---->


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі