click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 25 қаңтарда «Физика пәнінен ҰБТ-да кездесетін тапсырмалардың ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 25 қаңтарда  «Физика пәнінен ҰБТ-да кездесетін тапсырмалардың ерекшеліктері» тақырыбында  аудандық семинар-практикум   өтті. Семинар жұмысына аудандық  физика пәнінің мұғалімдері,   барлығы  21  педагог қатысты.

      ҰБТ  тестінің форматы екі  блоктан тұрады.

       Екінші блок таңдаған мамандықтарына қарай бейіндік пәндер.

Аудан әдіскері бейіндік пәндерде берілген тапсырмалардың ерекшеліктеріне тоқталды. Онда бір жауабы, екі жауабы, үш жауабы бар есептерді оқушы қалай орындау керектігі туралы айтылды.

Жалпы тестілеу уақыты 3 сағат 30 минут (210 минут) .

       Жоғары балл: 140, шекті деңгей : 50 балл және бағалау шкаласына тоқталды.

       Семинардың бағдарламасына сәйкес аудандық әдістемелік  кабинетінің пән әдіскері  Амреева Улбосын Асембекқызы  ҰБТ-ның ерекшеліктері  бойынша таныстырылым жасады.

        Семинарда  С.Абланов атындағы орта мектебінің мұғалімі Б.Нұрғазиева, Т.Манбаева,  Берікқара орта мектебінің пән мұғалімі Э.Сугурова , Жамбыл орта мектебінің мұғалімі С.Абилова,Кеңес орта мектебінің мұғалімі  О.Беккожаев, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Ғ.Серекова, №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Нургалиевалар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семианр соңында семинарға қатысушыларға кері байланыс парағы таратылып, мұғалімдердің пікірі  ескерілді.

  Семинарды аудан әдіскері қорытындылады.

   

 

 

 

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі