click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2018 жылдың 16 қаңтар күні Н.К.Киікбаев мектеп-гимназиясының базасында «Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-практикум өтті.

  Семинар Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті мен Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өтті.

 Семинарға 50 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Е.Ж.Кушерова «Критериалды бағалау – оқу үрдісіндегі маңызды фактор» тақырыбында баяндама оқыды. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар топтық жұмыстарды орындай отырып, жаңартылған  білім беруге көшу жағдайында бастауыш сынып оқушыларымен   жүргізілетін жұмыс түрлерін анықтап, тәжірибеге енгізілу жолдарын қарастырды. Қорытынды бөлімінде семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, кері байланыс жүргізілді.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі