click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 14 - қараша күні Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық семинар өткізілді

         Ю.Гагарин атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Латын әліпбиіне көшудің тиімді тәсілдері» тақырыбында аудандық семинар - практикум өтті.  Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға барша ел жаһандануға бет бұрған кезде латын графикасына көшу біріншіден, еліміздің алға қарай өркениетті дамуындағы басты қадам, екіншіден, бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады. Әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады. Үшіншіден, еліміздің үштілділікке көшу үдерісі жылдамдап, ғылымымыз қарыштап дамиды, -  деп ашты. Содан кейін осы мектептің директоры Қапарова Шырын келген мұғалімдер мен сабақ беретін мұғалімдерге сәттілік тіледі. Қасымова Айман «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамадан кейін Оспанов Сағат 11«а» сынып оқушыларымен «Латын әліпбиі – келешектің кілті» тақырыбында дебат, Мырзахметова Роза 10«а» сынып оқушыларымен «Жаңғыру жазудан басталады» деген тақырыпта ашық сабақ, Пірімқұлова Ажар мұғалімдермен «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» тақырыбында коучинг, осы мектептің педагог-психологы Ш.Садықова психологиялық тренинг өткізді. Мұғалімдердің қойған сұрақтарына білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева жауап беріп, семинар жұмысын қорытындылады.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі