click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 22 - қараша күні Көктал орта мектебінің базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық семинар - практикум өткізілді

 Көктал орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қатыптастыра отырып, оқу белсенділігін арттыру» тақырыбында аудандық семинар - практикум өтті. Семинар жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деп ашып, жаңартылған білім мазмұны бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.  Семинар ашылғаннан кейін ұстаздар бағдарлама бойынша ашық сабақтарға қатысты. Амреева Жанна 5«г» сыныбында «Аңыз патшайымы», Жотабаева Гүлнар 5«ә» сыныбында «Қазақстанның қызыл кітабы», Арғымбаева Фарида 7«в» сыныбанда «Футбол ойнаймыз»,  Мусаева Қарашаш 7 «в» сыныбында «Достық, татулық - өмірдің қызығы», Охашева Меруерт  7«ә» сыныбында «Сүйіспеншілік, сағыныш», Жылқыбаева Балжан 8 «ә» сыныбында М.Сұлтанқожаұлы «Ілімге толса көкірек» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті. Сонымен қатар Ералиева Назым «Сабақтағы кері байланыс» тақырыбында коучинг өтті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева семинар жұмысын қорытындылап, мұғалімдерге сәттілік тіледі.


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі