click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

Тәрбие орталығы

 

                    Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі әдістемелік кабинеті

                                                        Тәрбие жұмысы

 

Жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген «ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН» басшылыққа ала отырып жасалды.

Кіріспе

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік мәдени трансформация ескеріле отырып  әзірленді.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында отбасылық тәрбие құндылықтары, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерінің өзара кірігуі негізінде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиенің кіріктірілуіне, тәрбие әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңартуға бағдарланған.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын,  басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және механизмдерін анықтайды. 

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін ескереді.

Осыған байланысты адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажет.

Ұлттың ерекшеліктерін, психологиясын, менталитетін ескермеу, ұлттық-мәдени құндылықтар  бастауынан алыстау немесе оларды космополитизм мен жалған мәдениет түрлерімен алмастыру – адамның моральдық азуына,  қоршаған әлемге агрессиясының артуына, рухани-адамгершілік әлеуетінің құлдырауына әкеліп соқтырады.

Жалпы әлемдік тәрбие жүйесін зерттеу және талдау елімізде біртұтас кешенді тәрбие жүйесін, оның мақсаты мен мазмұнын ұлттық мақсаттар, мәдени құндылықтар мен дәстүрлер, діл ерекшеліктерін ескере отырып, әлемдік озық тәжірибе, заманауи прогрессивті ағымдар, инновациялар үйлесімінде құрудың маңыздылығын көрсетіп отыр.

Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей, егеменді даму жылдарында барша қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Жолдауда бұл құндылықтар атап көрсетілген: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы; тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Президент сонымен қатар, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беретін  белсенді, білімді және дені сау азамат қалыптастыру міндетін қойды.

Мұғалімдердің кәсіби қызметінде жастардың функционалдық сауаттылығы, көпмәдениетті тәрбие, үштілді білім беру, ақпараттық технологияларды пайдалану процесі артып отырғаны байқалады. Республикадағы балалар мен оқушы жастарға қосымша білім беру жүйесі, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдар үлкен  мүмкіндіктерге ие болып отыр. Сонымен бірге, балалар мен жастардың бойында ұлттық тәрбие қажеттілігін сезіну мен азаматтық ұстаным, патриоттық сезім, ұлттық намысты қалыптастыру деңгейі арасында қарама-қайшылық байқалады.

Жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-позитивті бастамашылық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Өмірлік жетістікке, жоғары әлеуметтік мәртебеге қол жеткізу табанды және нәтижелі еңбек етумен, қойылған мақсатқа дәйекті түрде жету білігімен байланыстырылмайды. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көңіл көтеру сипатындағы бір реттік шоу-шараларға ұқсас.

Тәрбие жүйесінде жаһандану процесіндегі шиеленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады:

 - балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;

  •  қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы жезөкшелік;
  •  еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;
  •  отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;

  -  әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, діни секталарға қатысу және т.б.

Балаларға қосымша білім беру жағдайы жақсартуды қажет етеді. Көптеген қызмет түрлері ақылы болғандықтан балалардың барлығына бірдей қолжетімді емес.

Мұндай жағдайдың бірден бір себебі тәрбиені әлеуметтік құбылыс және мақсатты процесс ретінде жете бағаламаушылық болып табылады. Тек тәрбие жастардың тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын рухани-адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді қалайды. 

Сонымен, қазіргі жағдайда тәрбиенің үйреншікті үлгілері тиімсіз болып қалды және жалпыадамзаттық әрі ұлттық құндылықтарға тәрбиеленген Қазақстан азаматын қалыптастырудың жаңа жағдайлары мен талаптарына жауап беретін Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін дайындаудың объективті алғышарттары қалыптасты.

 

Тәрбиенің   тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру шарттары

 

             Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруда ҚР «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарына және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

Ақпараттық қамтамасыз ету – тәрбие мәселелері бойынша заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары, баспа қызметін ұйымдастыру және т.б. Бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмір салтын, үздік мұғалімдер, озат білім беру ұйымдары, ең үздік мемлекеттік қызметкерлердің, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбектерін, үлгілі отбасыларды және т.б. насихаттауды ынталандыру механизмдерін дайындау.

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындау. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді, креативті ойлар мен авторлық бағдарламаларды зерттеу, талдау және енгізу. Оқу-әдістемелік құралдарын қолдану, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысы тәжірибесін енгізу. Этнопедагогика және психология, қазақ халқының игілігін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізбесіне тәрбиелік және дамытушы сипаттағы оқу әдебиеті кітаптарын, хрестоматиялар мен альманахтарды қосу.

             Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру негізінде білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын үйлестіру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын кіріктіру негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру; тәрбие жұмысының тиімді тәжірибесін үнемі зерделеу, жинақтап қорыту және тарату, тәрбие процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін зерделеу. Зерттеушілік, инновациялық қызметті қолдау; отбасы тәрбиесінің әлеуетін күшейту.

             Материалдық-техникалық қамтамасыз етуқажетті материалдық, техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, тәрбие процесіне қатысушыларды ынталандырудың икемді жүйесін тиімді пайдалану.

Психологиялық-педагогикалық қолдау – білім беру ұйымдарының бала тәрбиесінде  педагогикалық ұжымымен және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамымен, ата-аналар қауымдастығымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығы. Дамуында психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет ететін балалар мен жастардың түрлі санаттарымен жұмыс жүйесін жетілдіру.

Кадрлық қамтамасыз ету – «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» АҚ Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» курстарында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау; сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін бөлу. Мектептерге тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып жетекшілерін енгізу.

 

Тәрбие жұмысының басым бағыттары

 

 Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

2. Рухани-адамгершілік тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

  1. Отбасы тәрбиесі
  2. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
  3. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
  4. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
  5. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады.

Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды.

Тәрбие жұмысының мақсаты:  

 1. Білім беру ұйымдарында педагог тәрбиешілердің кәсіби құзіретін арттыру арқылы баланың жан-жақты құзіреттілігін дамыту, мектептердің тәрбие жұмысын сапалық деңгейге көтеруге ықпал ете отырып,  үздіксіз білім беру жүйесінде   білім алушылардың Қазақстан  Республикасының азаматтары және патриоттары  ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері тануларына, әлеуметтенуіне, болашақта  мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасауды үйлестіру.

    Тәрбие жұмысының міндеттері:

 -Тәрбие саласының мамандарына әдістемелік көмек көрсету

- Аудандық білім ұйымдарын ақпаратпен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету.

- Білім ұйымдарында бала бойына құзіреттілікті қалыптастыру, дамыту іс-әрекеттерін ұйымдастыру, осы бағыттағы тәрбие жұмысын үйлестіру.

- Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.

  • Кәмелетке толмағандар арасында тәртіпбұзушылық пен қылмыстың алдын алу

мақсатында аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру

  • Кәмелетке толмағандар арасында жат қылықтар мен нашақорлықтың алдын алу , осы

бағыттағы тірек мектептерінің жұмысын жүйелі ұйымдастыруға ықпал ету

  • Кәмелетке толмағандардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу

бағытындағы жұмыстарды жүйелі іске асыру

  •  Кәмелетке толмағандар арасында жол ережесін сақтау, жол апатының алдын алу

шараларын жүзеге асыру

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі