click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 17 - қараша күні Мырзатай орта мектебінің базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық семинар өткізілді.

Мырзатай орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Қазақша өлшемді латын әліпбиі» тақырыбында аудандық семинар өтті.  Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға Елбасының «Латын әліпбиі – заман талабы» деген сөзін басшылыққа ала отырып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттай алатынымызға кәміл сенуіміз керек. Латын әліпбиін қолдану арқылы болашағымыз жарқын болады деген сенімдеміз, -  деп ашты. Содан кейін осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейдуалиева Раза баяндама оқыды. Баяндамадан кейін Диқан тірек мектебінің мұғалімі Донбаева Шекер «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында коучинг өтті. Мұғалімдерді үш топқа бөліп постермен жұмыс жасатты. Ары қарай Абай орта мектебінің мұғалімі Ибраимова Салтанат «Жасырын хат, ойлан тап!» және Мырзатай орта мектебінің педагог-психологы Базылбекова Арай «Аялы алақан» атты тренинг өткізіп, мұғалімдерді бір сергітіп алды. Мұғалімдердің қойған сұрақтарына білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева жауап беріп, семинар жұмысын қорытындылады.

 

 

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі