click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

16 қараша 2017 жылы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында аудандық семинар-практикум өткізілді.

Н.Киікбаев атындағы мектеп – гимназиясында жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасу мақсатында «Критериалды  бағалау-оқу-танымдық құзырлылықты қалыптастырудың тиімді жолы» тақырыбында аудандық-семинар практикум өтті. Семинар жұмысын аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі М.Есеналиева ашып, аудан көлемінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Семинар ашылғаннан кейін ұстаздар бағдарлама бойынша  ашық сабақтарға  қатысты. Қасымова Айнұр  5 «Ә» сыныбында «Адам және жыртқыш аң», Бейбітова Қанат 7 «Г» сыныбында «Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік», Ивжанова Ғалия 5-сыныпта «Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?», Алиева Айсұлу 7-сыныпта «Ш.Қанайұлы «Зар заман» өлеңі» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті. Содан кейін Момынқұлова Зәуре семинарға қатысушы ұстаздармен «Критериалды  бағалау-оқу-танымдық құзырлылықты қалыптастырудың тиімді жолы» тақырыбында коучинг өткізіп, семинарға қатысушылардан жалпы семинар барысы туралы кері байланыс алды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Маутаева Қарлыға Сейтханқызы семинар соңында мұғалімдердің пікірін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді. Семинар-практикум жұмысын қорытындылап, пән мұғалімдеріне сәттілік тіледі.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі