click mobile spy for iphone 6 plus ios 7 1 continue reading continue reading is there a spyapp out there where i do not have access to the target phone is cell phone tracking possible mobile spy activacion whatsapp spy

2017 жылдың 3 - қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің базасында білім бөлімінің ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Латын әліпбиі мемлекеттік тілдің тірегіне айналсын» тақырыбында аймақтық ақпараттық түсіндіру жұмысы өтті.  Түсіндіру жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» - деген болатын. Шын мәнінде, бұл мәселе өз шарықтау шегіне жетіп, бүгінгі күні қажеттілік туындап отыр. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі, -  деп ашты. Ары қарай осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Ажибекова слайд арқылы түсіндіру жұмысын жалғастырып кетті. Мұғалімдерді екі топқа бөліп постермен жұмыс жасатты. Сұрақтар қою арқылы мұғлімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сұрақтар төңірегінде Бурыл орта мектебінің мұғалімі К.Күленбаев, Н.Ақшабаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Д.Тұрсыналы, Көктал орта мектебінің мұғалімі Г.Рапилбекова өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Мұғалімдердің қойған сұрақтарына білім бөлімінің әдіскері Қ.Маутаева жауап беріп, ақпараттық түсіндіру жұмысын қорытындылады.

 


© 2015. Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі